ТДМ №16: «Заң мен тәртіп» жобасы аясында студенттермен кездесуFarabi University

ТДМ №16: «Заң мен тәртіп» жобасы аясында студенттермен кездесу

6 ақпан, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 6 ақпан күні «Заң мен тәртіп» жобасы аясында студент жастармен маңызды кездесу өтті. Іс-шараға Алматы қалалық Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасына қарасты Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес басқармасының білікті мамандары қатысып, студенттермен ашық форматта пікір алмасты. Кездесудің негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру және қоғамдағы қауіпсіздік мәселелеріне бей-жай қарамау сезімін ояту болды. Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, олардың азаматтық ұстанымын нығайтуға, белсенді әрі жауапты азамат ретінде қалыптасуына ықпал етеді.

Кездесу барысында мамандар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның түрлері мен салдары, сондай-ақ мұндай жағдайлардың алдын алуда әрбір азаматтың рөлі туралы жан-жақты ақпарат берді. Студенттерге құқық қорғау органдарына қалай жүгіну керектігі, зардап шеккен адамдарға көрсетілетін әлеуметтік және құқықтық қолдау, сондай-ақ қоғамдағы зорлық-зомбылыққа қарсы тұру жолдары туралы нақты мәлімет ұсынылды. Мамандар өз сөздерінде нақты өмірлік мысалдар мен статистикалық деректерді келтіріп, студенттердің тақырыпты жақсы түсінуіне мүмкіндік жасады. Бұл жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ерекше әсер етті, олардың өз құқықтарын қорғауға және өзгелердің құқықтарын сыйлауға деген көзқарасын нығайтты. Студенттер кездесуден алған әсерлерін бөлісіп, мұндай тақырыптардың қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар, жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселесі де кездесу барысында ерекше назарға алынды. Студенттерге жол жүру ережелерін сақтау маңызын түсіндіруге арналған бейнероликтер көрсетіліп, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері мен олардың алдын алу жолдары жан-жақты талқыланды. Мамандар жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің міндеттері, жолдағы сақтық пен жауапкершіліктің маңызы туралы нақты мысалдар келтірді. Студенттер өз тәжірибелерін бөлісіп, жолда абай болудың қаншалықты маңызды екенін терең түсінді. Көптеген қатысушылар, өздерінің күнделікті өмірінде жол ережелерін сақтау маңызды екенін сезінгенін атап өтті.

Кездесу интерактивті форматта өтті. Студенттер белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан толық әрі нақты жауап алды. Ашық диалог жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, заңға деген сенім мен құрметті қалыптастыруға үлкен әсер етті. Сонымен қатар, бұл кездесулер студенттерді қоғамдық өмірге белсенді қатысуға, өз пікірін ашық білдіруге және қоғамдағы қауіпсіздікті сақтау жолында жауапкершілік алуға ынталандырады. Көптеген студенттер алған әсерлерінен кейін, болашақта өздерінің құқықтары мен міндеттерін жақсы білетін жауапты азамат болып қалыптасуға дайын екенін айтты.

Бұл кездесу барысында болашақта осы салада қызмет етуді армандайтын студенттер де өздерінің көкейкесті сұрақтарын қойып, мамандардан толыққанды жауаптар алды. Жауапты қызмет барысындағы түрлі жағдайларды мысалға келтіріп, ақпарат алмасты.

Жалпы алғанда, бұл кездесу «Заң мен тәртіп» жобасы аясында жүзеге асырылған маңызды бастамалардың бірі болып саналады. Іс-шара университет жастарының құқықтық білімін тереңдетуге, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және қауіпсіз ортаны құруға бағытталған тиімді алаң болды. Осындай мазмұнды кездесулер студенттердің қоғамдағы рөлін дұрыс түсінуіне, құқыққа бағынатын мәдениетті қалыптастыруға және болашақта жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен қатар, жастарға құқықтық мәдениеттің маңызды екенін көрсету арқылы олардың өз іс-әрекеттері мен шешімдеріне жауапкершілікпен қарауына септігін тигізеді.