Заң мен тәртіп: университет пен жатақхананың ішкі тәртібімен таныстыруFarabi University
Референдум 15 марта

Заң мен тәртіп: университет пен жатақхананың ішкі тәртібімен таныстыру

9 ақпан, 2026

9 ақпан 2026 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінде Іргелі медицина кафедрасының оқытушысы Кульжебаева Сабина «Заң мен тәртіп: университет пен жатақхананың ішкі тәртібімен таныстыру» атты іс-шараны жалпы медицина және фармация мамандықтарының 1-курс студенттеріне өткізді.Іс-шара барысында студенттер университеттің ішкі тәртіп ережелерімен, академиялық адалдық қағидаларымен, студенттердің құқықтары мен міндеттерімен, сондай-ақ жатақханада тұру тәртібі және қауіпсіздік талаптарымен таныстырылды. Кездесу барысында оқу процесіндегі жауапкершілік, қоғамдық тәртіпті сақтау, өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру және студенттердің әлеуметтік бейімделуі мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, білім алушыларға құқықтық сауаттылықты арттырудың маңызы түсіндіріліп, туындауы мүмкін жағдайларда университеттің қолдау қызметтеріне жүгіну жолдары көрсетілді. Аталған іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты — сапалы білім беру, сондай-ақ 16-мақсаты — бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттарды дамыту бағыттарына сәйкес келеді.