- Басты бет
- Жаңалықтар
- Заң мен тәртіп аясында «Алаяқтықтың алдын алу: полиция өкілдерімен ақпараттық кездесу»
Заң мен тәртіп аясында «Алаяқтықтың алдын алу: полиция өкілдерімен ақпараттық кездесу»
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінің студенттеріне арналған «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Алаяқтықтың алдын алу: полиция өкілдерімен ақпараттық кездесу» тақырыбында ақпараттық іс-шара өткізілді.
Іс-шараға Алматы қаласы Полиция департаменті, Бостандық аудандық полиция басқармасы, оның ішінде Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында студенттерге алаяқтықтың алдын алу, оның ішінде интернет және кибералаяқтықтың кең таралған түрлері, сондай-ақ «Жаяу жүргінші» негізгі профилактикалық іс-шарасы аясындағы қауіпсіздік талаптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, іс-шара барысында студенттер полиция қызметкерлерінен өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша кеңес алып, алаяқтыққа тап болған жағдайда әрекет ету тәртібі, жеке деректерді қорғау, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік және құқықтық жауапкершілік мәселелері бойынша нақты әрі жан-жақты жауаптар алды.
Іс-шара соңында студенттер жеке және жеке сипаттағы сұрақтарымен полиция қызметкерлеріне жүгініп, құқық қорғау органдарының өкілдері тарапынан жедел кері байланыс беріліп, әрбір сұрақ бойынша нақты түсіндірмелер мен ұсыныстар айтылды.
Аталған кездесу студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сақтық мәдениетін қалыптастыруға және алаяқтыққа қарсы алдын алу шараларын күшейтуге бағытталды.




Басқа жаңалықтар