Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедра докторантының аудиториядан тыс дәрісіFarabi University
Референдум 15 марта

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедра докторантының аудиториядан тыс дәрісі

9 ақпан, 2026

09. 02. 2026 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 2 курс докторанты Абилганиев Дарын ТДМ 15 – Құрлық экожүйелерін сақтау аясында «Алматы қорығының биоалуантүрлілікті сақтаудағы маңызы» атты аудиториядан тыс Талғар ауданының  №53 мектеп-гимназиясының оқушыларына дәріс өткізді.

Алматы қаласының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қазіргі таңда өзекті ғылыми және практикалық мәселелердің бірі болып табылады. Осы бағытта Алматы мемлекеттік табиғи қорығының құрлық экожүйелерін сақтау арқылы қаланың экологиялық тұрақтылығына қосатын үлесін атап өтті.

Солтүстік Тянь-Шань таулы аймағындағы табиғи экожүйелердің Алматы мегаполисінің экологиялық қауіпсіздігіне тигізетін әсерін кешенді түрде бағалауға бағытталған.

Алматы мемлекеттік табиғи қорығы: биологиялық әртүрлілікті сақтайтын негізгі аумақ ретінде, сонымен қатар сирек және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік ортасы, қала үшін маңызды экожүйелік қызметтерді (таза ауа, су ресурстарының қалыптасуы, климатты реттеу, табиғи қауіптердің алдын алу) қамтамасыз ететін табиғи «қорғаныш белдеуі» болып табылады.

Лекция барысында құрлық экожүйелерін сақтаудың Алматы қаласының экологиялық қауіпсіздігімен тікелей байланысты екенін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (ЕҚТА) мегаполис үшін стратегиялық маңызын көрсетті.