ТДМ-16: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсыFarabi University

ТДМ-16: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы

11 ақпан, 2026

Біздің ұстанымымыз – зорлық-зомбылықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік. Біз қауіпсіз, әділ және құрметке негізделген орта қалыптастыруды қолдаймыз.

Зорлық-зомбылық – бұл адамның құқықтары мен қадір-қасиетін бұзатын әрекет. Ол физикалық, психологиялық, эмоционалдық, экономикалық немесе киберзорлық түрінде көрінуі мүмкін. Қандай формада болмасын, зорлық-зомбылық қоғамға зиян келтіріп, жеке тұлғаның дамуына кері әсер етеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісін қолдамайды және оған қарсы. Университет жастары өзара құрметке, толеранттылыққа және адам құқықтарын қорғауға негізделген құндылықтарды ұстанады. Біз білім ордасында және қоғамда қауіпсіз әрі қолдаушы орта қалыптастыруды басты міндеттердің бірі деп санаймыз.

Біз келесі қағидаттарды басшылыққа аламыз:

  • Әр адамның өмірі мен денсаулығы – ең жоғары құндылық;

  • Құрмет, теңдік және кемсітпеу принциптерін сақтау;

  • Қауіпсіз әрі қолдаушы орта қалыптастыру;

  • Қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу;

  • Қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсету.

Біздің мақсатымыз – зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және өзара сыйластық мәдениетін дамыту. Біз әрбір адам өзін қауіпсіз сезінетін, пікірін еркін білдіре алатын және қолдау таба алатын орта құруға ұмтыламыз.

Егер сіз немесе сіздің таныстарыңыз зорлық-зомбылыққа тап болса, үнсіз қалмаңыз. Уақытылы көмек пен қолдау – қауіпсіз болашақтың кепілі.