ҚАЗҰУ КІТАПХАНАСЫНА ҒЫЛЫМИ МОНОГРАФИЯ ТАБЫС ЕТІЛДІFarabi University
Референдум 15 марта

ҚАЗҰУ КІТАПХАНАСЫНА ҒЫЛЫМИ МОНОГРАФИЯ ТАБЫС ЕТІЛДІ

11 ақпан, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде ғылым мен білімнің ықпалдастығын нығайту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

09.02.2026 жылы Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, ЖТН BR21882122 «Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер» бағдарламасының 4-ші кіші бағдарламасының жетекшісі Базарбаева Турсынкул Аманкельдиевна жоба аясында жарық көрген ғылыми монографияны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кітапханасының директоры Арекенова Жадыра Айдынгалиевнаға ресми түрде табыс етті.

Аталған «Өнеркәсіптік қызмет нәтижесінде Батыс Қазақстан өңірінің топырақ жамылғысының ауыр металдармен және мұнай өнімдерімен ластануын бағалау» монографиясында Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты даму мәселелері кешенді түрде қарастырылып, жасыл даму қағидаттары негізінде ғылыми талдау, тұжырымдамалық негіздер, болжамдық бағалау және даму сценарийлері ұсынылған.

Бұл еңбек университеттің ғылыми қорын толықтырып қана қоймай, білім алушылар мен зерттеушілер үшін тұрақты даму, аймақтық экология және табиғатты тиімді пайдалану бағытында құнды ғылыми-әдістемелік дереккөз болмақ.

География және табиғатты пайдалану факультеті ұжымы алдағы уақытта да жасыл даму мен өңірлік тұрақтылық мәселелеріне арналған ғылыми зерттеулерді жалғастыра береді.