Жаңа Конституция жобасын талқылауFarabi University
Референдум 15 марта

Жаңа Конституция жобасын талқылау

11 ақпан, 2026

Бүгін халықаралық қатынастар факультетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған академиялық тыңдаулар өтті. Аталған іс-шара конституциялық реформаның негізгі бағыттары мен мемлекет пен құқықтың өзекті мәселелері бойынша кәсіби пікір алмасуға маңызды алаң болды.
Негізгі баяндамашылар ретінде заң ғылымдарының кандидаты, доцент А.Ж. Тусупова, заң ғылымдарының докторы, профессор К.Н. Шакиров және заң ғылымдарының кандидаты, доцент М.К. Самалдыков сөз сөйледі. Баяндамалар барысында жаңа Конституция жобасының аясында билік тармақтарының бөлінуі мен өзара іс-қимылы мәселелері, сондай-ақ сот төрелігі, азаматтық, халықаралық шарттар, бейбіт жиналыстар өткізу құқығын іске асыру және конституциялық өзгерістердің өзге де маңызды аспектілері көтерілді.
Талқылау мазмұнды әрі белсенді пікірталас форматында өтті. Тыңдауға қатысушылар диалогқа белсене қатысып, нақтылаушы және сыни сұрақтар қойды, дәлелді көзқарастар мен тәжірибеге бағытталған ұсыныстарын білдірді. Талқылау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының конституциялық-құқықтық жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді.