- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасында «Күтпеген ықпалдар: лексикалық кірме сөздердің көлеңкелі тұстары» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді
Қытайтану кафедрасында «Күтпеген ықпалдар: лексикалық кірме сөздердің көлеңкелі тұстары» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді
2026 жылдың 11 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасында « Unintended Consequences: The Downside of Lexical Borrowing» тақырыбында ағылшын тілінде ғылыми семинар өтті. Іс-шара қытайтану кафедрасы тарапынан 8D02305 Шетел филологиясы (шығыс тілдері) мамандығының 3-курс докторанты Пак Раисаның зерттеу жұмысы аясында ұйымдастырылды.
Ғылыми семинар барысында төмендегі мәселелер талқыланды:
· қазақ, қытай және орыс тілдеріндегі лексикалық кірме сөздер;
· кірме сөздердің аудару мәселелері;
· кірме сөздердің күтпеген салдарлары.
Семинар барысында қатысушылар қарыз сөздердің қытай тілі мен мәдениетіне қалай әсер ететініне қатысты әртүрлі аспектілермен танысты. Кафедра оқытушылары мен докторанттардың қатысуымен пікірталас өткізіліп, семинар қорытындысы бойынша бұл бағыттағы зерттеулерді жалғастыру туралы шешім қабылданды

Басқа жаңалықтар