Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушыларына онлайн форматта әдістемелік семинар өткізілдіFarabi University
Референдум 15 марта

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушыларына онлайн форматта әдістемелік семинар өткізілді

12 ақпан, 2026

2026 жылғы 12 ақпан күні сағат 17:00-де Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында онлайн форматта әдістемелік семинар өтті. Семинарды География және табиғатты пайдалану факультеті деканының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Шәкен Айман Шәкенқызы және  оқыту және білім беру сапасы бойынша академиялық комитетінің төрағасы Ө.Ж. Сағымбай өткізді.

Іс-шараға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы толық қатысты.

Семинар барысында көктемгі семестрдің қорытынды бақылау формалары мен платформаларын таңдау, сондай-ақ қорытынды бақылау бағдарламасына қойылатын талаптар мен оны рәсімдеу тәртібі жан-жақты талқыланды. Қорытынды бақылауды ұйымдастыру кезінде академиялық адалдық қағидаларын сақтау, бағалау критерийлерінің айқындығы мен мазмұндық сапасына ерекше назар аударылды.

Жиын қорытындысы бойынша оқытушыларға әдістемелік ұсынымдар беріліп, тиісті тапсырмалар жүктелді.