ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жұмыс кеңесі: ғылым мен жоғары білімді дамытудың өзекті мәселелеріFarabi University
Референдум 15 марта

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жұмыс кеңесі: ғылым мен жоғары білімді дамытудың өзекті мәселелері

13 ақпан, 2026

2026 жылғы 12 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті география және табиғатты пайдалану факультетінің профессор-оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған жұмыс кеңесіне қатысты.
Кеңес барысында ғылым мен жоғары білім саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың өзекті мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, инновациялық қызметті дамыту, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру, халықаралық білім беру бастамалары («Study in Kazakhstan», білім беру саласындағы Google компаниясымен әріптестік), сондай-ақ «Болашақ», «Ғылыми тағылымдамалар» және ETS жобалары талқыланды.

Факультет оқытушыларының қатысуы мемлекеттік ғылыми-білім беру саясатының басым бағыттары, конкурстық қаржыландыру тетіктері және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері туралы өзекті ақпарат алуға мүмкіндік берді. Бұл факультеттің ғылыми-зерттеу және білім беру қызметін одан әрі дамыту үшін маңызды.