- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты даму мақсаттарының 17-мақсатын іске асыруға «Экология» мамандығы бойынша магистранттардың қосқан үлесі
Тұрақты даму мақсаттарының 17-мақсатын іске асыруға «Экология» мамандығы бойынша магистранттардың қосқан үлесі
География және табиғатты пайдалану факультетінің «Экология» білім беру бағдарламасының магистранттары «Кнауф Гипс Капшағай» ЖШС-де ғылыми-зерттеу тәжірибесінен өтуде. Бүгінде КНАУФ халықаралық тобы әлемдегі құрылыс материалдарын өндіретін ең ірі компаниялардың бірі болып табылады. «Кнауф Гипс Капшағай» ЖШС Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасының талаптарын және КНАУФ халықаралық тобының корпоративтік стандарттарын ықпалдастыра отырып, өндірістік қызметін тұрақты даму және экологиялық жауапкершілік қағидаттарына сәйкес жүзеге асырады.

Тәжірибе барысында магистранттар гипс негізіндегі құрылыс материалдарын өндіру үдерістерімен танысып, кәсіпорынның экологиялық менеджмент жүйесін зерделейді. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және гипс қалдықтарын қайта пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Компания мамандары мен тәжірибе жетекшісінің жетекшілігімен магистранттар қоршаған орта компоненттерінің сапасы бойынша деректерді жинау және өңдеу жұмыстарын жүргізеді.
Өндірістік кәсіпорын базасында тәжірибені ұйымдастыру университет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді тетігін көрсетеді. Бұл бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауға және өндірістік қызметке тұрақты даму қағидаттарын енгізуге бағытталған. Осындай ынтымақтастық институционалдық байланыстарды нығайтуға, білім мен технология алмасуға ықпал етеді және Тұрақты даму мақсаттарының 17-мақсатының міндеттеріне толық сәйкес келеді.
Басқа жаңалықтар