Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінде «Орталық Азия ғылыми талдау нысаны ретінде: зерттеудің әдіснамалық тәсілдері мен перспективалары» атты дөңгелек үстел өтті. Алматы, Қазақстан – 20 ақпан 2026 ж.Farabi University
Референдум 15 марта

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінде «Орталық Азия ғылыми талдау нысаны ретінде: зерттеудің әдіснамалық тәсілдері мен перспективалары» атты дөңгелек үстел өтті. Алматы, Қазақстан – 20 ақпан 2026 ж.

23 ақпан, 2026


2026 жылғы 20 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультетінде
«Орталық Азия ғылыми талдау нысаны ретінде: зерттеудің әдіснамалық тәсілдері мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны «Questioning Regional Affairs» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды.

Аталған жиынға халықаралық қатынастар және шығыстану факультеттерінің профессор-оқытушылар құрамы, ғалымдар, докторанттар мен Орталық Азия аймағын зерттеумен айналысатын сарапшылар қатысты. Талқылау барысында аймақтың әлемдік саясат пен экономикадағы рөлінің артуы жағдайында оны зерттеудің теориялық-әдіснамалық құралдарын жаңарту мәселелері қарастырылды.

Қатысушылар Орталық Азияның сыртқы ықпал объектісінен халықаралық қатынастардың дербес акторына айналуы қалыптасқан аналитикалық үлгілерді қайта қарауды талап ететінін атап өтті. Сонымен қатар, аймақтық үдерістерді қарапайым схемалар арқылы түсіндіруден бас тартып, мемлекеттердің тарихи тәжірибесін, мәдени кодтарын және ішкі даму динамикасын ескеретін пәнаралық тәсілдерді қалыптастырудың маңыздылығы айтылды.

«Central Asian Dream» бағдарламасы аясында «Орталық Азия мұраты» монографиясы мен аймақ мемлекеттеріне арналған «Жылдық жинақ-2025» топтамасыны тұсаукесері өтті. Ұсынылған еңбектер қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық туғызып, Орталық Азияны зерттеудің тұжырымдамалық негіздерін талқылауға серпін берді.

Дөңгелек үстел жұмысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілді, бұл академиялық диалогтың ауқымын кеңейтуге мүмкіндік берді. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар аймақ бойынша заманауи зерттеу күн тәртібін қалыптастыру мақсатында ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Дөңгелек үстелдің өтуі Орталық Азия мәселелеріне деген ғылыми қызығушылықтың жоғары екенін және қазіргі сын-қатерлер мен аймақ мемлекеттерінің стратегиялық мүдделеріне жауап беретін жаңа әдіснамалық негіздерді қалыптастырудың өзектілігін тағы бір мәрте көрсетті.