ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫЛАРМЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІККЕ ЖАҢА ҚАДАМFarabi University

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫЛАРМЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІККЕ ЖАҢА ҚАДАМ

24 ақпан, 2026

2026 жылғы 2 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінде халықаралық академиялық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған маңызды кездесу өтеді. Университетке жоғары білім беру сапасын бағалау және халықаралық рейтингтер саласында мол тәжірибесі бар беделді шетелдік сарапшылар арнайы сапармен келеді.

Аталған жұмыс кездесуі аясында Dr. Bezhan RustamovRauf Denktaş University университетінің вице-ректоры, сондай-ақ Dr. Alimshan Faizulayev — КИМЭП университетінің қауымдастырылған профессоры және декан орынбасары жүздеседі. Сарапшылар университеттердің халықаралық бағалау рәсімдеріне, соның ішінде QS World University Rankings жүйесіне қатысу бойынша кәсіби тәжірибелерімен бөлісуге дайын.

Кездесу барысында Шығыстану факультетінің деканы, профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар қатысып, бірқатар өзекті мәселелер талқыланады. Атап айтқанда, халықаралық академиялық өзара іс-қимылдың перспективалары, білім беру сапасын арттырудағы озық халықаралық тәжірибелер, сондай-ақ бірлескен академиялық және ғылыми-зерттеу бастамаларын іске асырудың әлеуетті бағыттары күн тәртібіне қойылады.

Бұл кездесу Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жаһандық білім кеңістігіндегі позициясын нығайтуға, халықаралық серіктестік аясын кеңейтуге және ғылыми-академиялық ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам. Университет үшін мұндай кездесулер тек тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар болашақта бірлескен жобалар мен стратегиялық әріптестіктердің берік негізін қалайтын мүмкіндік болып табылады.

Кыркымбекова А.