Жұқпалы аурулардың алдын алу және бақылау бойынша семинар-тренинг (ТДМ 3 және 4 аясында)Farabi University
Референдум 15 марта

Жұқпалы аурулардың алдын алу және бақылау бойынша семинар-тренинг (ТДМ 3 және 4 аясында)

23 ақпан, 2026

23 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінде, іргелі медицина кафедрасында жұқпалы аурулардың алдын алу және олармен күрес мәселелеріне арналған семинар-тренинг өткізілді. Іс-шараны Кудайбергенова Алия Камалқызы ЖМ 25-03 тобының студенттерімен бірге жүргізді. Семинар барысында инфекциялардың берілу жолдары, алдын алу шаралары, санитариялық-гигиеналық нормалар мен инфекциялық бақылаудың маңызы талқыланды. Студенттер инфекциялармен және патогенді микроорганизмдермен күрес тақырыбында постерлер дайындады. Өткізілген семинар БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсаты - «Сапалы денсаулық және әл-ауқат», сондай-ақ 4-мақсаты - «Сапалы білім» бағыттарына сәйкес келеді.