Молекулалық биология және генетика кафедрасында «Вестерн-блоттинг: қадамдық нұсқаулық» практикалық семинарыFarabi University
Референдум 15 марта

Молекулалық биология және генетика кафедрасында «Вестерн-блоттинг: қадамдық нұсқаулық» практикалық семинары

18 ақпан, 2026

   17-18 ақпан 2026 жылы молекулалық биология және генетика кафедрасында «Вестерн-блоттинг: қадамдық нұсқаулық» атты практикалық семинар өтті. Аталған іс-шараны «Альгимед» ЖШС молекулалық биология саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатын «Bio-Rad Laboratories» компаниясымен бірлесіп ұйымдастырды.

Семинар ақуыздарды талдаудың заманауи әдістеріне, атап айтқанда Вестерн-блоттинг технологиясын қолдануға арналды. Шеберлік сабағы барысында қатысушылар үлгілерді дайындау кезеңдерімен, жалпы ақуыз концентрациясын анықтау тәсілдерімен және полиакриламидті гельдегі (SDS-PAGE) электрофорез жүргізу әдістемесімен танысты.

Сонымен қатар Trans-Blot Turbo жүйесін қолдана отырып, ақуыздарды мембранаға жылдам әрі қайталанымды көшіру үдерісі және иммунодетекция жүргізудің практикалық қырлары көрсетілді. Жоғары сезімталдық пен сандық талдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақуыздарды флуоресценттік әдіспен анықтау тәсіліне ерекше назар аударылды.

 

 

     

 

Қорытынды кезеңде алынған нәтижелерді өңдеу және нормализациялау жолдары арнайы бейнелерді талдауға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы меңгерілді.

Осы іс-шара қатысушыларға вестерн-блоттинг әдісін толық цикл бойынша - үлгіні дайындаудан бастап нәтижелерді интерпретациялауға дейін - тәжірибелік түрде меңгеруге мүмкіндік берді. Осындай семинарларды өткізу студенттердің, магистранттардың және жас зерттеушілердің кәсіби құзыреттерін арттыруға, заманауи зертханалық технологияларды енгізуге, сондай-ақ кафедраның халықаралық ғылыми-өндірістік компаниялармен серіктестігін нығайтуға септігін тигізеді. Бұл іс-шара тікелей Тұрақты даму мақсаттарының 4, 9 және 17-ші бағыттарына (ТДМ 4, 9, 17) сәйкес келеді және QS Sustainability және THE Impact рейтингтері шеңберінде университеттің жетістіктеріне үлес қосады.

Молекулалық биология және генетика кафедра