- Басты бет
- Жаңалықтар
- Ішкі медицина кафедрасы «Біз темекі өнімдерін шегуге қарсымыз» тақырыбында лекция-семинар өткізді.
Ішкі медицина кафедрасы «Біз темекі өнімдерін шегуге қарсымыз» тақырыбында лекция-семинар өткізді.
Ішкі медицина кафедрасының аға оқытушысы Ибраева Асем Сериккановна кураторлық ЖМ 23-04 тобымен «Біз темекі өнімдерін шегуге қарсымыз» тақырыбында лекция-семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты — білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу. Семинар Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсаты — денсаулықты сақтау және әл-ауқатты арттыру бағыты аясында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында темекі өнімдерінің адам ағзасына тигізетін зияны, никотинге тәуелділіктің қалыптасуы, сондай-ақ электронды темекі мен вейптердің қауіптері туралы ғылыми негізделген ақпарат ұсынылды. Қатысушылар темекінің жеке адам денсаулығына ғана емес, қоғам мен қоршаған ортаға да кері әсерін талқылады.
Шара соңында білім алушылар салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтіп, темекі өнімдерінен бас тартуға шақырды.
