- Басты бет
- Мұражай
- Халықаралық экскурсоводтар күніне орай ҚазҰУ тарихы музейінің жетекшісі А.Ж. Жабыкпаева «XXI ғасырдағы Туризм және музейлік кеңістік: экскурсия жұмысының мүмкіндіктері мен болашағы» атты республикалық конференция жұмысына қатысты.
Халықаралық экскурсоводтар күніне орай ҚазҰУ тарихы музейінің жетекшісі А.Ж. Жабыкпаева «XXI ғасырдағы Туризм және музейлік кеңістік: экскурсия жұмысының мүмкіндіктері мен болашағы» атты республикалық конференция жұмысына қатысты.
Алматы қаласындағы Қазақ-Британ техникалық университетінде Қазақстанның мәдениет саласының көрнекті қайраткері — Бақыт Камалқызы Оразымбетованы еске алуға арналған республикалық ғылыми конференция өтті.
Конференция жұмысы Б.К.Оразымбетованың музей ісі мен экскурсиялық практика саласына қосқан кәсіби үлесі, халқымыздың мәдениеті мен тарихын дәріптеу саласындағы беделді еңбегі туралы болды.
Бақыт Камалқызының замандастары, әріптестері мен шәкірттері жылы естеліктерімен бөлісіп, ол кісінің адами қасиетіндегі ерекшеліктеріне тоқталып, отансүйгіштік,өз елінің тарихы мен рухани құндылықтарын зерттеуге, музей ісі және экскурсиялық практика дамуындағы кәсіби ортаға, қоғамға және музейге қосқан орасан үлесін айқындап берді.
Конференция жұмысына ҚР Ұлттық Музейі, Алматы қаласының туризм және спорт Академиясы, Басқармасы, Алматы Музейлер Бірлестігі, тур-операторлар, рестовраторлар мен еліміздің түкпір-түкпірінен келген музей мамандары, мәдениет қызметкерлері мен туыстары қатысты.
Қырым Алтынбеков — Қазақстанның құрметті қайраткері, Орталық Азия археологиялық артефакттарын қалпына келтіру саласының жетекші ғалымы, Ляззат Сағындықова — Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры, Р.Р.Шайкенова –Қазақстан Туристік ассамблеясының басшысы т.б белді қоғам қайраткерлері баяндама жасады.
Конференцияның негізгі мақсаты —музей ісі және туризм саласында заманауи ғылыми және практикалық тәсілдермен алмасу үшін кәсіби алаң құру, инновациялық мәдени-білім беру қызметін дамыту, музейлер мен кадр дайындау жүйесі арасындағы синергияны нығайту, сонымен қатар XXI ғасырдағы сын-қатерлер жағдайында материалдық емес мәдени мұраны сақтау.
ҚазҰУ мұражайы Қазақстандағы мәдени мұраны дәріптеу мен музей саласының кәсіби дамуын қолдауды жалғастырып,біліктілікті арттыруға ниетті.

