«Жасанды интеллект дәуіріндегі әлеуметтік жауапкершілік және қаржылық сауаттылық» атты кураторлық сағат өттіFarabi University

«Жасанды интеллект дәуіріндегі әлеуметтік жауапкершілік және қаржылық сауаттылық» атты кураторлық сағат өтті

25 ақпан, 2026

2026 жылғы 25 ақпанда Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында 2 курс, иран тобының эдвайзері «Жасанды интеллект дәуіріндегі әлеуметтік жауапкершілік және қаржылық сауаттылық» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағатта студенттерге төмендегідей ақпарат жеткізілді:

Былтыр мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасы заңына қол қойды. Бұл заң 16 қаңтардан бастап күшіне енді. Бұл заңға сәйкес, елімізде жасанды интеллект арқылы жасалған кез келген контент арнайы белгімен жариялануға тиіс.

Жаңа нормаға сәйкес, сурет, видео, аудио немесе мәтін – егер ол жасанды интеллект көмегімен жасалған немесе өңделген болса, пайда­ланушы бұл туралы анық әрі түсінікті түрде ескертуі қажет. Яғни, енді интер­неттегі кез келген материалдың артында адам тұр ма, әлде алгоритм бе оны жасыруға болмайды. Белгі қойылмаса, айыппұл бар. Яғни, жаңа талапты елемеу енді жауапкершілікке әкеледі. ЖИ-маркировка талаптарын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне айыппұлдар енгізілген.

Қазақстандағы қазіргі таңдағы тағы бір маңызды мәселе – қаржылық сауаттылықты арттыру. Қарызсыз қоғам құру идеясы – әр азаматтың өз табысын жоспарлай білуінен басталады. Төмендегі үш бағыт: цифрландыру – тиімділіктің, жасанды интеллект – интеллектуалдық прогрестің, ал қаржылық сауаттылық – экономикалық тұрақтылықтың кепілі.