МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ ЛОГОТИПІНЕ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫFarabi University

МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ ЛОГОТИПІНЕ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

24 ақпан, 2026
Сурет интернеттен алынды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Механика-математика факультетінің жаңа логотипін әзірлеуге арналған байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты:
· Механика-математика факультетінің имидждік бейнесін жаңарту және заманауи үлгіде қалыптастыру;
· Факультеттің ғылыми әлеуеті мен білім беру сапасын айқындайтын креативті идеялар ұсыну;
· Имидждік және ақпараттық өнімдерге (ресми бланк, әлеуметтік желі, баннер, мерейтойлық өнімдер) қолдануға лайық жаңа дизайн әзірлеу;
· Авторлық құқық талаптарын сақтау;
· Көшірме және плагиат жұмыстарына жол бермеу.

Негізгі талаптар:
· Жұмыс минимализм стилінде орындалуы тиіс;
· Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ эмблемасының пішіні негізге алынады;
· Логотип факультеттің механика және математика бағытын айқындауы қажет;
· Дизайн ресми құжаттарда, әлеуметтік желілерде және имидждік өнімдерде қолдануға ыңғайлы болуы тиіс;
· Байқау жұмыстары 28 ақпанға дейін қабылданады.

Қатысушы туралы ақпарат:
Жұмыспен бірге төмендегі мәліметтер көрсетілуі қажет:
— Аты-жөні;
— Курсы / лауазымы.

Байқау шарттары:
· Қатысушылар авторлық жобасын JPEG форматында қысқаша түсіндірме мәтінмен бірге +7 771 173 4308 телефон номеріне жолдауы тиіс;
· Түскен материалдар факультеттің ресми ақпарат көздерінде жариялануы мүмкін;
· Үздік деп танылған логотип факультеттің ресми нышаны ретінде қабылданады.

Ұсынылған жұмыстарды факультеттің ғылыми кеңес мүшелері бағалайды.
Жеңімпаз факультет басшылығының алғыс хатымен және сыйақымен марапатталады.

Қосымша ақпарат факультет деканатында.