Қоршаған ортаны аялау — әрбір азаматтың міндеті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, механика-математика факультетінің Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының ұйымдастыруымен «Қоршаған ортаны аялау — әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында семинар сабағы өтті.
Аталған іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 6, 13, 14, 15 бағыттарын іске асыру аясында және «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы шеңберінде ұйымдастырылды. Семинарға «Қолданбалы математика» білім беру бағдарламасының 1–2 курс студенттері белсенді қатысты.
Семинар сабағын «7M05409 – Қолданбалы және есептеу математикасы» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты Кенес Айжанар Курманжанқызы жүргізді. Жас маман экологиялық қауіпсіздік, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін математикалық модельдеу әдістерімен ұштастыра отырып, заманауи форматта жеткізе білді.
Іс-шара барысында климаттың өзгеруіне қарсы күрес, су және құрлық экожүйелерін сақтау, таза су ресурстарын қорғау мәселелері талқыланып, экологиялық сананы қалыптастырудағы ғылым мен цифрлық технологиялардың рөліне ерекше назар аударылды. Студенттер экологиялық мәселелерді шешуде қолданбалы математиканың мүмкіндіктері жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салды. Студенттер 3 топқа бөлініп, өздеріне берілген тапсырмаларды қорғады.
Семинар жұмысына кафедра меңгерушісі Маусумбекова Сауле Джумакановна, кафедра меңгерушісінің оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сагимбаева Лида Абсултановна, сондай-ақ факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абенов Болат Кусаинович қатысып, магистранттың жұмысына оң бағасын берді.
Жиын соңында ұйымдастырушылар мұндай тағылымды шаралардың студенттердің азаматтық жауапкершілігін арттыруға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және Тұрақты даму мақсаттарын насихаттауға зор ықпал ететінін атап өтті. Семинардың мазмұны университеттің академиялық құндылықтары мен тәрбие жұмысының басым бағыттарына толық сай келетіні ерекше айтылды.
Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасы
меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары Сагимбаева Лида Абсултановна
Қолданбалы және есептеу математикасы»
білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты
Кенес Айжанар Курманжанқызы
Басқа жаңалықтар