Екінші өмір: ескірген географиялық карталар мен атластарды қалпына келтіруFarabi University
Референдум 15 марта

Екінші өмір: ескірген географиялық карталар мен атластарды қалпына келтіру

27 ақпан, 2026

Кафедрамызда «Екінші өмір» атты танымдық-тәжірибелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – ескірген географиялық карталар мен атластарды қалпына келтіру арқылы олардың ғылыми және оқу-әдістемелік құндылығын сақтау, сондай-ақ студенттердің картография саласына деген қызығушылығын арттыру.
Шара барысында қатысушылар уақыт өте тозығы жеткен картографиялық материалдарды қалпына келтірудің заманауи және дәстүрлі әдістерімен танысты. Атап айтқанда, қағазды нығайту, жыртылған бөліктерін реставрациялау, бетін тазарту, ламинациялау және дұрыс сақтау талаптары бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.


Іс-шара студенттерге тек теориялық білімдерін тереңдетіп қана қоймай, тарихи-географиялық мұраларға ұқыптылықпен қараудың маңызын түсінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ескі атластар мен карталардың ғылыми дереккөз ретіндегі маңызы, олардың белгілі бір кезеңнің саяси, экономикалық және табиғи ерекшеліктерін бейнелеудегі рөлі ерекше атап өтілді.