География және табиғатты пайдалану факультеті ISO 9001:2015 стандарты бойынша СМЖ қадағалау аудитінен өттіFarabi University
Референдум 15 марта

География және табиғатты пайдалану факультеті ISO 9001:2015 стандарты бойынша СМЖ қадағалау аудитінен өтті

2 наурыз, 2026

2026 жылғы 20 ақпандағы №93 бұйрыққа сәйкес, 2026 жылы 2 наурызда География және табиғатты пайдалану факультеті сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) қадағалау аудитінен сәтті өтті.

Аудит онлайн форматта Business Construction System of Management аудиторлық компаниясы тарапынан жүргізілді. Тексеруді компанияның коммерциялық директоры Е.П. Родионова жүзеге асырды.

Аудит халықаралық ISO 9001:2015 стандарты талаптарына сәйкестік негізінде өткізілді.

Аудит аясында 8D07303 «Картография» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) даярлау үдерісінің негізгі процестері қарастырылды:

 Картография докторы даярлау қызметін жоспарлау (ISO 9001:2015 8.1, 6.1, 9.1-тармақтары)
• Тұтынушылар мен мүдделі тараптардың талаптарын талдау (8.2-т.)
 Білім беру қызметтерін әзірлеу (8.3-т.)
• Жұмыстарды, қызметтерді және материалдарды сатып алу, оның ішінде аутсорсинг
 (8.4-т.)
 PhD даярлау қызметін көрсету процесі (8.5-т.)
• Докторлық диссертацияны даярлау барысында білім мен дағдылар деңгейін бақылау
 (8.6-т.)
• «PhD» дәрежесін беру кезінде білім мен құзыреттер деңгейін бақылау (8.6-т.)
 Даярлау процестерінің сәйкессіз нәтижелерін басқару (8.7-т.)
 Тәуекелдерді басқару (8.1-т.)
 Сәйкессіздіктерді және түзету әрекеттерін басқару (10.2-т.)
• Тұтынушылардан (білім алушылар және өзге де мүдделі тараптар) кері байланыс
 алу (9.1-т.)
• Білім беру қызметтерінің сапасын өлшеу әдістері

Тексеруге факультет деканы, деканның орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, білім беру бағдарламасын әзірлеушілер мен үйлестірушілер, Білім беру процестерін жобалау офисі, академиялық комитеттер, Ғылым және инновациялық қызмет департаменті, сондай-ақ профильдік кафедралар қатысты.

Сонымен қатар AP23490857 «Түркістан облысының суармалы жерлерінің деградация процестерін тұрақты жер пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында бағалау» ғылыми-зерттеу жобасын іске асыру процестеріне аудит жүргізілді.

Келесі процестер тексерілді:

• Жобаны жоспарлау (инициациялау, техникалық тапсырма, күтілетін нәтижелерді қалыптастыру)
 Жоба тапсырыс берушісінің талаптарын талдау
 Ресурстық бағдарламаны қалыптастыру
 Жұмыстарды, қызметтерді және материалдарды сатып алу
 Ғылыми-зерттеу қызметін бақылау
 ҒЗЖ сапасын бақылау
 Жоба тәуекелдерін басқару
 Сәйкессіздіктерді және түзету әрекеттерін басқару
 Мүдделі тараптардан кері байланыс алу
• Жобаны іске асыру сапасын өлшеу әдістері

Барлық процестер ISO 9001:2015 стандарты талаптарына сәйкес қарастырылды.

Қадағалау аудитінің нәтижелері бойынша факультеттің сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2015 халықаралық стандартына сәйкестігі расталды. Факультет білім беру және ғылыми процестерді басқаруда жүйелі тәсілді, кадрлар даярлау сапасына және ғылыми зерттеулердің тұрақты дамуына бағытталған ұстанымды көрсетеді.

Факультет халықаралық аккредитацияға дайындық және сапа мәдениетін дамыту аясында ішкі процестерді жетілдіру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.