Цифрлық трансформация - ел дамуының стратегиялық бағытFarabi University
Референдум 15 марта

Цифрлық трансформация - ел дамуының стратегиялық бағыт

28 ақпан, 2026

2026 жылғы 27 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Цифрлық трансформация – ел дамуының стратегиялық бағыты» тақырыбында студенттермен сұхбат форматындағы іс-шара өткізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында айқындалған басымдықтарды талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

Сұхбат барысында цифрлық трансформацияның мемлекеттік басқару, білім беру, ғылым, экономика және қоғам өміріндегі рөлі кеңінен қарастырылды. Әсіресе жасанды интеллект технологияларын енгізу, деректерді тиімді басқару, цифрлық инфрақұрылымды дамыту, киберқауіпсіздік мәселелері және цифрлық сауаттылықты арттыру бағыттарына ерекше назар аударылды.

Студенттер өз ой-пікірлерін білдіріп, цифрлық технологияларды кәсіби қызметте қолдану мүмкіндіктері туралы ұсыныстарын ортаға салды. Сұрақ-жауап бөлімінде болашақ мамандарды даярлауда цифрлық құзыреттерді күшейту, инновациялық жобаларды қолдау және ғылыми зерттеулерді цифрландыру мәселелері талқыланды.

Іс-шараны ұйымдастырып, жүргізген оқытушылар: Әлімбай М.А., Аугамбаев К.К., Қырғызбай Қ.Т., Бахыт М.Б., Жамбыл А.Б.

Өткізілген сұхбат студенттердің цифрлық трансформацияның маңызын терең түсінуіне, заманауи технологиялардың ел дамуына әсерін бағамдауына және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруына ықпал етті.