АҚПАРАТТЫҚ ХАТ II
V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ФОРУМ
Құрметті әріптестер!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдармен, жетекші ғылыми орталықтармен және жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен бірлесіп 2026 жылдың сәуір айының 7-11 аралығында V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ФОРУМ өткізеді.
V Халықаралық Фараби Форумның мақсаты – Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық, ғылыми және гуманистік мұрасын заманауи ғылыми контексте қайта пайымдау, оның ғылым, білім және қоғам үйлесімі туралы идеялары негізінде мемлекет, қоғам және тұлға дамуының өзекті мәселелерін, соның ішінде жасанды интеллект, цифрландыру, экономика және гуманитарлық ғылымдар арасындағы пәнаралық өзара ықпалдастықты талқылайтын тұрақты халықаралық ғылыми диалог алаңын қалыптастыру.
Форум ғылым, білім және қоғам арасындағы ықпалдастықты кеңейтуге, жас ғалымдарды қолдауға және Халықаралық Фараби Форум беделді, тұрақты халықаралық ғылыми алаң ретінде қалыптастыруға бағытталған.
V Халықаралық Фараби Форумның міндеттері:
– Әл-Фарабидің философиялық, ғылыми және этикалық мұрасын кешенді зерделеу, оның идеяларын елдік және жаһандық дамудың өзекті басымдықтары тұрғысынан ғылыми тұрғыда жаңаша пайымдау және тұрақты ғылыми айналымға енгізу.
– Әл-Фараби ілімін мерейтойлық сипаттағы іс-шаралармен шектемей, фарабитануды үздіксіз ғылыми зерттеу нысанына айналдыру және тұрақты халықаралық ғылыми диалог алаңын қалыптастыру.
– Мемлекет, тұлға және қоғам дамуының өзекті мәселелерін Әл-Фарабидің гуманистік және рационалдық көзқарастары негізінде талқылау, қазіргі гуманитарлық ойдың басым бағыттарын айқындау.
– Әл-Фарабидің ғылым, білім және қоғам үйлесімі туралы идеялары негізінде жасанды интеллект, цифрландыру, экономика, гуманитарлық ғылымдар, медиа және білім беру салалары арасындағы пәнаралық ықпалдастықты дамыту.
– Әл-Фараби ілімін зерттеу мен насихаттауға бағытталған ғылыми әлеуетті біріктіру, студенттер мен жас ғалымдарды қолдау, гуманитарлық ғылымдардың институционалдық рөлін күшейту және беделді, Халықаралық Фараби Форум тұрақты ғылыми бренд ретінде орнықтыру.
V Халықаралық Фараби Форум аясындағы іс-шаралар:
– Халықаралық Фараби Форум ашылуы, «Әл-Фараби мұрасы және жаһандық өркениеті:философия, ғылым, руханият тоғысы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (9-10 сәуір 2026 ж.);
– «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы (7-8 сәуір 2026 ж.);
– «Жаһандық өзгерістер жағдайындағы тұрақты экономикалық даму парадигмасы:қиындықтар, салдарлар, мүмкіндіктер» халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция (7-8 сәуір 2026 ж.);
– «International Workshop. Responsible AI:Navigating the Future of Kazakh language models» Халықаралық воркшоп (9-10 сәуір 2026 ж.);
– «ЖИ, медиа және білім беру: білімді ұлт және жауапты қоғам» ғылыми дөңгелек үстел (9 сәуір 2026 ж.);
– «Жасанды интеллект және гуманитарлық пәндер:оқыту,зерттеу және пәнаралық ықпалдастық» ғылыми-тәжірибелік конференция (10 сәуір 2026 ж.);
– V Халықаралық Фараби Форумның салтанатты жабылуы рәсімі (11 сәуір 2026 ж.).
Өткізілетін орны: әл-Фараби ғылыми кітапханасы
Ұйымдастырушы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
Байланыс үшін жауапты тұлғалар:
Ғылым және инновациялық қызмет
жөніндегі департамент
директорының орынбасары - Г.Ш. Акимбекова: +77016762045
Ғылым және инновациялық қызмет
жөніндегі департаментінің бас маманы - А.Ғ. Абдреш: +7786160397
Ғылым және инновациялық қызмет
жөніндегі департаментінің жетекші маманы - Ж.Тажибаева: +7022013888
Басқа жаңалықтар