«Академиялық басқару және білім беру сапасы: басшылар мен оқытушыларға арналған интенсив» атты эксперттік стратегиялық сессияның қорытындыларыFarabi University
Референдум 15 марта

«Академиялық басқару және білім беру сапасы: басшылар мен оқытушыларға арналған интенсив» атты эксперттік стратегиялық сессияның қорытындылары

6 наурыз, 2026

2026 жылғы 6 наурыз күні стратегиялық сессия өз жалғасын тапты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ұйымдастырылған PROFESSIONAL WEEK - 2026 апталығы аясында 2026 жылғы 3-6 наурыз аралығында өткен «Академиялық басқару және білім беру сапасы: басшылар мен оқытушыларға арналған интенсив» атты эксперттік стратегиялық сессияның қорытындылары негізінде заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы профессор-оқытушылар құрамына арналған факультетішілік стратегиялық кездесу өткізді.
Аталған іс-шара шеңберінде кафедра «Пәнді редизайн жасауда ChatGPT, Copilot және басқа да жасанды интеллект құралдарын қолдану» тақырыбында факультетішілік эксперттік стратегиялық сессия ұйымдастырды.
Сессияны кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Г.А. Куаналиева ашып, қатысушыларды іс-шараның мақсаты мен негізгі міндеттерімен таныстырды.
Сессияның басты мақсаты - білім беру үдерісін жетілдіру, пәндердің мазмұнын жаңарту арқылы оқу сапасын арттыру, сондай-ақ оқу нәтижелерін қалыптастыру, силлабустар мен бағалау тапсырмаларын әзірлеуде жасанды интеллект құралдарын қолданудың тиімді тәжірибелерімен бөлісу болды.
Сессия барысында келесі негізгі мәселелер қарастырылды:
-    пәндерді редизайн жасау әдістемесі;
-    ChatGPT, Copilot және басқа да жасанды интеллект құралдарын оқу 
процесіне енгізудің мүмкіндіктері;
-    силлабустарды әзірлеудің және оқу нәтижелерін қалыптастырудың 
заманауи тәсілдері;
-    білім беру сапасын арттыруға бағытталған практикалық мысалдар мен
кейстер.
Талқылау барысында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мазмұнды баяндамалар жасап, стратегиялық сессияда жинақталған тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, қатысушылар жасанды интеллект құралдарын білім беру процесінде тиімді пайдаланудың жолдарын бірлесіп талқылады.
Сессияның практикалық кезеңінде профессор-оқытушылар құрамы үш топқа бөлініп, берілген тапсырмалар негізінде практикалық жұмыстар орындады. Әр топ пән мазмұнын жаңарту, оқу нәтижелерін нақтылау, силлабус құрылымын жетілдіру және бағалау тапсырмаларын әзірлеу бағыттары бойынша тапсырмаларды жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып орындап, нәтижелерін таныстырды.
Ұйымдастырылған стратегиялық сессия профессор-оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігін арттыруға, заманауи цифрлық технологияларды білім беру үдерісіне енгізуге және факультеттегі білім беру сапасын одан әрі жетілдіруге мүмкіндік берді.