8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде сөйлеген сөзіFarabi University
Референдум 15 марта

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде сөйлеген сөзі

6 march, 2026

Құрметті әріптестер,

аяулы ханымдар,

қадірлі білім алушы қыздар!

 

Сіздерді шуақты мереке – 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Бұл күнді әйел затының қоғамдағы биік міндетіне, қажырлы еңбегіне және сарқылмас мейіріміне көрсетілетін құрметтің белгісі деп білемін. 

Қазіргі заманда бұл құрмет тек этикалық норма ғана емес, мемлекеттік саясаттың маңызды бағытына айналды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Әділетті Қазақстанды құру ісінде әйелдердің белсенділігі – шешуші фактор.

Біз әйелдердің саяси және экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту арқылы ғана тұрақты дамуға қол жеткізе аламыз» деп атап өтті.

Шындығында, Қазақстанның әлемдік деңгейдегі бүгінгі жетістіктері әйелдердің белсенді қатысуынсыз мүмкін болмас еді.

Қазіргі әйелдер қауымы, оның ішінде ҚазҰУ әйел-аналары – тек шаңырақтың берекесі ғана емес, ол – білікті маман, табысты ғалым және шешім қабылдайтын саяси тұлға.

 

Дорогие женщины КазНУ!

 

На международной арене Организация Объединенных Наций играет ключевую роль в защите прав женщин.

Символично, что в списке 17 Целей устойчивого развития именно Пятая цель полностью посвящена обеспечению гендерного равенства.

Данные ООН подтверждают: страны, где женщины активно участвуют в жизни общества, развиваются гораздо быстрее, а их экономика становится крепче и стабильнее.

Казахстан, присоединившись ко всем ключевым конвенциям ООН по правам женщин, идет в авангарде мировых трендов.

Мы не просто следуем глобальной повестке «Женщины, мир и безопасность», но и делом доказываем верность своим обязательствам, создавая общество равных возможностей.

 

Милые дамы!

 

Особое место в летописи нашего университета занимает Союз женщин КазНУ.

Это организация стала важной частью общественной и интеллектуальной жизни Казахского национального университета имени аль-Фараби.

Союз женщин КазНУ был создан в 2012 году по инициативе академика, доктора филологических наук, профессора Багизбаевой Маи Михайловны.

За годы работы стал авторитетной общественной площадкой, объединяющей инициативных и профессиональных женщин нашего университета.

В настоящее время Союз женщин КазНУ работает под руководством декана филологического факультета, академика НАН РК при Президенте РК Баян Умирбековны Джолдасбековой.

Союз объединяет женские советы факультетов и структурных подразделений.

В науке, управлении и международных проектах участие женщин с каждым годом увеличивается.

Мы последовательно придерживаемся принципов гендерного равенства в кадровой политике, в доступе к научным грантам и академическим возможностям.

 

Құрметті ханымдар!

 

ҚазҰУ-дың жалпы қызметкерлерінің 70 пайызға жуығын әйелдер қауымы құрайды. 

Ғылым жолында жүрген 966 әйел қызметкеріміз бар.

Бұл – жалпы ғылыми қызметкерлер санының 69 пайызы.

Университеттегі 647 ғылым докторының 472-сі – әйелдер. 697 ғылым кандидатының – 412-сі, сондай-ақ 588 PhD доктордың 444-і – ару-аналар.

Әйел ғалымдар арасынан шыққан 3 ҚР ҰҒА академигі және Қазақстан жоғары мектебі Ұлттық ғылым академиясының 3 корреспондент-мүшесі – біздің ғылыми биіктігіміздің көрінісі.

Біздің қара шаңырақ үшін әйел-ғалымдар – ғылымның шыңы, білімнің шырағы және зиялылықтың эталоны.

Бүгінде университет рухын сақтап, ғылыми мектептерді қалыптастырған біздің ардагерлеріміздің орны бөлек.

Қара шаңырақ қабырғасында 75 жастан асқан 50 ғылым ардагері әлі де аянбай еңбек етіп келеді.

Бүгін университет тарихының алтын парақтарын жазған ардагер ұстаздарға  ерекше құрмет білдіргім келеді.

Университетте жасы 75-тен асқан, 60 жылға жуық қызмет істеп келе жатқан 50-ге жуық оқытушы бар. Олар:

58 жыл

1.  Молдабекова Майра Саметқызы, пед.ғ.д., профессор, 58/58

2.  Хакимова Тиыштық, пед.ғ.к., доцент, 58/58

3.  Сүлейменова Гүлсім Сейілханқызы, аға оқытушы, 58/58

57 жыл:

4.  Сүлейменова Элеонора Дүйсенқызы, филол.ғ.д., профессор, 57/60

56 жыл

5.  Төлегенова Мақпал Бақытқызы, физика-математика ғ.к., 56/56

55 жыл

6.  Асқарова Зифа Асанбайқызы, б.ғ.к., доцент, 55/55

7.  Павличенко Людмила Михайловна, г.ғ.д., доцент-зерттеуші, 55/55

8.  Жүсіпова Ғалия Евентайқызы, х.ғ.д., профессор, 55/55

****

9.  Әшімханова Светлана, филол.ғ.д., профессор, 54/60

10.   Асқарова Әлия Сандыбайқызы, физика-математика ғ.д, профессор, 54/54

11.   Жұбанова Ажар Ахметқызы, б.ғ.д., профессор, 51/62

12.    Қайырбаева Роза Сахариқызы, филол.ғ.д., профессор, 51/51 және тағы басқалар.

         Сіздердің мол тәжірибелеріңіз біздің ғылыми мектептеріміздің сабақтастығын сақтап тұр.

Университеттің дамуына қосқан өлшеусіз үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз.

 

Құрметті жиынға қатысушылар!

 

Бүгінде ҚазҰУ-дағы студенттік құрамның 40 пайызға жуығы – қыздар.

Студент жастарымыз еліміздің экономикасы мен мәдениетін жаңа биіктерге көтеретін тұлғалар болады деп сенемін.

Біз сіздер үшін қолайлы әрі заманауи орта қалыптастыруды әрқашан басты назарда ұстаймыз.

Осы мереке қарсаңында сіздерге тағы бір жағымды жаңалығымызды жеткізгім келеді.

Университетіміздің брендін ұлықтау және корпоративтік мәдениетті нығайту мақсатында имидждік топ мүшелеріне брендтік киімдер табысталды.

Сондай-ақ кітапхана мен музей қызметкерлеріне де арнайы тігіліп, мереке қарсаңында тарту етілді.

Жаңа киім үлгілері университеттің ресми корпоративтік тұжырымдамасына және классикалық стиль мен қазіргі заманғы сән үрдістерін сай.

Имидждік топ мүшелері бұл киімдерді халықаралық форумдарда, ресми кездесулер мен маңызды іс-шараларда киетін болады.

 Ал кітапхана мен музей қызметкерлері үшін бірыңғай форма күнделікті жұмыс процесінде қолданылады.

Бірыңғай стиль студенттер мен қонақтарға қызметкерлерді оңай тануға мүмкіндік беріп, өзара байланысты жеңілдете түспек.

 

Дорогие наши дамы!

 Мы бесконечно гордимся вашими научными достижениями и тем, как вы виртуозно совмещаете сложные исследования с заботой о семье.

И прежде чем мы перейдем к творческой части нашего вечера, у меня есть еще одна приятная новость.

 В честь Международного женского дня мною подписан приказ о поощрении всех женщин нашего университета праздничной премией.

Это наш скромный вклад в ваше весеннее настроение!

 

Құрметті ханымдар!

 

Осынау шуақты мерекеде сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін!

Әрбір бастамаларыңыз сәтті болып, шәкірттеріңіз биік белестерді бағындыра берсін!

Мереке құтты болсын!