Хирургия кафедрасының интерндары «Abyroi school» мектебінде алғашқы көмек көрсету бойынша семинар өткіздіFarabi University

Хирургия кафедрасының интерндары «Abyroi school» мектебінде алғашқы көмек көрсету бойынша семинар өткізді

10 наурыз, 2026

27 ақпан күні Хирургия кафедрасының 20-02 тобының интерндары «Abyroi school» мектебінде «Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмектің негіздері: қан кетуді тоқтату» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

 

Іс-шара барысында қатысушылар қан кету кезінде алғашқы көмек көрсету қағидаларымен және төтенше жағдайларда әрекет ету алгоритмімен танысты. Интерндер қан кетуді уақытша тоқтатудың негізгі әдістерін, соның ішінде қысатын таңғыш салу және жгут қолдану тәсілдерін көрсетті.

 

Мұндай іс-шаралар оқушылардың медициналық сауаттылығын арттыруға және алғашқы көмек көрсету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.