Кірістер мен шығыстар: ақшаны қалай бақылауға боладыFarabi University

Кірістер мен шығыстар: ақшаны қалай бақылауға болады

6 наурыз, 2026

Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының т.ғ.к., доценттер Л.Т. Исова мен А.Т. Кульбаеваның жетекшілігімен білім алушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру және күнделікті өмірде қажетті дағдыларды қалыптастыру мақсатында «Кірістер мен шығыстар: ақшаны қалай бақылауға болады» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында білім алушылар ақша ұғымы, кіріс пен шығыс түрлері, қаржыны жоспарлау және оны тиімді пайдалану мәселелерімен танысты. Сонымен қатар сабақта топтық және жұптық жұмыс түрлері ұйымдастырылып, оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, талқылау жүргізді. Қажеттілік пен қалау ұғымдарының айырмашылығы түсіндіріліп, күнделікті өмірде қаржыны үнемдеп жұмсаудың маңыздылығы атап өтілді.
Сабақтың тәрбиелік мәні де ерекше болды. Білім алушылар үнемшілдікке, жауапкершілікке, жоспарлы әрекет етуге және қаржыны дұрыс пайдалануға тәрбиеленді.
Осылайша, дәріс қатысушыларға жеке қаржыны сенімді әрі тиімді басқаруға арналған іргелі білім берді.