- Басты бет
- Жаңалықтар
- Шығыстану факультетінде қытай әдебиетіне арналған ғылыми еңбектердің тұсаукесері өтті.
Шығыстану факультетінде қытай әдебиетіне арналған ғылыми еңбектердің тұсаукесері өтті.
10 наурыз күні шығыстану факультетінде Ph.D докторы Н.Б. Сапарбаева мен көрнекті аудармашы әрі әдебиетші Қ. Қасымханұлының авторлығымен жарық көрген «Қытайдың жаңа дәуір әдебиеті» атты оқу құралы мен «Рух пен сөз үндестігі: қытай қазақтарының әдеби мұрасы» атты монографиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шараға Шығыстану факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, Қытайтану кафедрасының оқытушылары, докторанттар, магистранттар, студенттер және Қытайдан келген сарапшылар қатысты. Тұсаукесер өте мәнді және мазмұнды өтті: авторлар еңбектерінің ғылыми маңызы мен ерекшеліктерін айтып, қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Қатысушылар аталған оқу құралы мен монографияның берер азығы мол екенін атап өтіп, олардың ғылыми және тәрбиелік құндылығының ерекше екенін айтты.
Басқа жаңалықтар