- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасында ақпараттық технологиялар тақырыбында ғылыми семинар өтті
Қытайтану кафедрасында ақпараттық технологиялар тақырыбында ғылыми семинар өтті
2026 жылғы 12 наурызда Қытайтану кафедрасының 2-курс докторанты Ұлжан Жұбаниязова «Ақпараттық технологиялар және қоғамдық өмірдің әлеуметтік-тұрмыстық талдауы: теориясы мен әдіснамасы» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.
Семинарға Қытайтану кафедрасының оқытушылары — PhD, доцент м.а. Данияр Арипбаевич Мадиев, PhD, доцент м.а. Е.А. Керимбаев, PhD, қауымдастырылған профессор Д.Б. Дәуен, сондай-ақ Шығыстану факультетінің магистранттары мен докторанттары қатысты.
Семинар барысында докторант Ұлжан Жұбаниязова өзінің диссертациялық зерттеуінің негізгі нәтижелерін презентациялық слайдтар арқылы интерактивті тақтада таныстырып, ақпараттық технологиялардың қоғам өміріне ықпалына арналған ғылыми талдау жасады. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты ғылыми әдебиеттерге теориялық шолу ұсынылды.
Іс-шарада ақпараттық қоғамның қалыптасуы, цифрландырудың әлеуметтік ортаға әсері, интернет пен цифрлық платформалардың адамдардың күнделікті өміріндегі рөлі, сондай-ақ ақпараттық технологияларды зерттеудің заманауи теориялық және әдіснамалық тәсілдері талқыланды.
Семинар соңында қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, сұрақтар қойды. Ұлжан Жұбаниязованың диссертациялық зерттеуі аясында өткізілген ғылыми семинардың мазмұны жоғары бағаланып, оның ғылыми есебі бекітілді.
Басқа жаңалықтар