Өмірбек Жолдасбеков Арысланұлының туғанына 95 жыл
2 курс «Механика» мамандығының студенттері арасында 10 наурыз күні көрнекті ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор Өмірбек Жолдасбеков Арысланұлының туғанына 95 жыл толуына орай ақпараттық-танымдық кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында ғалымның өмірбаяны туралы бейнеролик көрсетіліп, оның ғылым мен білім саласына қосқан үлесі, ғылыми жетістіктері мен еңбектері туралы айтылды. Студенттерге Өмірбек Жолдасбековтің Қазақстан ғылымының дамуына қосқан үлесі ерекше атап өтілді. Ол көптеген ғылыми еңбектердің авторы болып, отандық инженерлік ғылымның дамуына зор үлес қосқан көрнекті тұлға екені айтылды. Ғалымның жетекшілігімен көптеген жас зерттеушілер тәрбиеленіп, ғылым жолына бағыт алғаны да атап өтілді.
Осындай танымдық іс-шаралар студенттердің ғылымға деген қызығушылығын арттырып, отандық ғалымдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелейді.


Байсбаева Оралхан Байтилеуовна,
механика кафедрасының аға куратор-эдвайзері
Басқа жаңалықтар