- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Алматы» музейіне танымдық саяхат: студенттер үшін мәдени мұра мен заманауи өнер диалогы
«Алматы» музейіне танымдық саяхат: студенттер үшін мәдени мұра мен заманауи өнер диалогы
13.03.2026 жылы Тұрақты даму мақсаттарының бірі — «Тұрақты даму үшін серіктестік» бағыты аясында Алматы музейлер бірлестігімен кәсіби серіктестікті нығайту мақсатында «Алматы» музейіне танымдық саяхат ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында 2 курс мәдениеттану мамандығының студенттері музей экспозицияларымен танысып, заманауи өнер мен мәдени мұраның өзара байланысын зерттеу мүмкіндігіне ие болды. Экскурсия барысында студенттер әлемдік және аймақтық өнер кеңістігінде маңызды орын алатын бірнеше көркем жобалармен танысты.
Атап айтқанда, неміс суретшісі Ансельм Кифердің «Бұл жазбалар өртенгенде, ақыры бәрі анық болады» атты туындысы көрерменді тарих, жады және мәдени трансформация мәселелері туралы терең ойға жетелейді. Суретшінің шығармашылығы тарих пен мифологияны байланыстыра отырып, өткен мен бүгіннің арасындағы күрделі қатынастарды көркемдік тұрғыдан қайта пайымдайды.
Сонымен қатар, Орталық Азияның заманауи өнер кеңістігінде ерекше танымал суретші әрі режиссер Саодат Исмаилованың «Әйел құқығы» атты бейнеинсталляциясы ұсынылды. Бұл туынды әйелдердің тарихи тағдыры, әлеуметтік қысым және мәдени трансформация мәселелерін қозғай отырып, көрерменді әйел тәжірибесінің күрделі қырлары туралы ойлануға шақырады.
Экспозицияда сондай-ақ америкалық мүсінші Ричард Серраның кеңістік пен форманың өзара байланысын зерттейтін «Перекресток» жұмысы туралы ақпарат беріліп, заманауи өнердегі минимализм мен кеңістік эстетикасының ерекшеліктері таныстырылды.
Танымдық сапарды ұйымдастырушылар: дінтану және мәдениеттану кафедарысын оқытушылары мен докторанттары
профессор Исмагамбетова З.Н., phd докторы Каупенбаева С.М., 1 курс докторанттары Кудерина А.Н., Орынбасар М.Т.
Қатысушылар:
2 курс мәдениеттану мамандығының студенттері.
Музей кеңістігі студенттер үшін мәдени мұраны сақтаудың заманауи тәсілдерімен танысудың, көркем ойлау мен сыни талдауды дамытуға мүмкіндік беретін маңызды білім беру алаңы болды.
Мұндай мәдени-білім беру іс-шаралары студенттердің кәсіби көкжиегін кеңейтіп, музей кеңістігін ғылыми-танымдық тәжірибе алаңы ретінде тануға мүмкіндік береді.Өнер музейінде бір қызық парадокс бар: кейде бір картина немесе инсталляция тұтас кітаптан да көп сұрақ тудырады. Философия дәл сол сұрақтардан басталады
Басқа жаңалықтар