- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да «Әлімжеттіктің түрлері және оның алдын алу жолдары» тақырыбында ЦУР-4 аясында іс-шара өтті
ҚазҰУ-да «Әлімжеттіктің түрлері және оның алдын алу жолдары» тақырыбында ЦУР-4 аясында іс-шара өтті
Эдвайзермен өткізілген тәрбиелік сағат аясында және Тұрақты даму мақсаттарына (ЦУР-4) сәйкес, 2026 жылдың 16 наурызында әл-Фараби атындағы әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-нің Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының 6B01502 – «Биология» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері кафедраның доцент міндетін атқарушысы, PhD Ж.К. Кенжееваның жетекшілігімен 1-курс ТМД студенттеріне арналған «Буллингтің (әлімжеттіктің) түрлері және оның алдын алу жолдары» тақырыбында іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында келесі тәрбиелік жұмыстар жүзеге асырылды.
ТМД 1-курс студенттерінің академиялық тобында «Буллингтің (әлімжеттіктің) түрлері және оның алдын алу жолдары» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттердің буллинг мәселесі туралы хабардарлығын арттыру, бір-біріне деген құрметті қарым-қатынасты қалыптастыру және студенттік ортада туындауы мүмкін жанжалдардың алдын алу болды.
Тәрбие сағаты барысында студенттерге буллинг ұғымы, оның негізгі түрлері (физикалық, психологиялық, әлеуметтік және кибербуллинг), сондай-ақ әлімжеттіктің жеке тұлға мен ұжымға тигізетін ықтимал салдары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар студенттік топта қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, өзара сыйластық пен қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара пікірталас және еркін әңгімелесу форматында өтті. Студенттер өз пікірлерін белсенді түрде білдіріп, өмірлік мысалдар келтіріп, мұндай жағдайлардың алдын алу жолдарын талқылады. Нәтижесінде қатысушылар білім беру ортасында қолайлы психологиялық ахуал қалыптастырудың және буллинг көріністеріне жол бермеудің маңыздылығы туралы ортақ қорытындыға келді.
Іс-шараға қатысушылар:
- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының 6B01502 – «Биология» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері.
Оқытушылар:
- кафедраның доцент міндетін атқарушысы, PhD Ж.К. Кенжеева
- б.ғ.к. А.Н. Торманова
- А.Н. Қожахметова
- б.ғ.к. Ж.М. Басыгараев
- PhD Б. Үсіпбек
Өткізілген тәрбиелік сағаттың нәтижесінде студенттер буллинг ұғымы, оның негізгі түрлері және жеке тұлға мен ұжымға тигізетін ықтимал салдары туралы түсінік алды. Сонымен қатар білім алушылар құрметке негізделген қарым-қатынас қағидаларын және студенттік топта қолайлы психологиялық ахуал қалыптастырудың маңыздылығын түсінді.
Талқылау барысында студенттер белсенділік танытып, өз пікірлерін білдіріп, ықтимал жанжалдық жағдайларды талдауға қатысты. Бұл олардың өз мінез-құлқына жауапкершілікпен қарауына және айналасындағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнатуына ықпал етті.
Жалпы алғанда, өткізілген іс-шара тәрбиелік тұрғыдан оң әсерін тигізді: студенттерде әлімжеттіктің кез келген түріне жол бермеу қажеттігі туралы түсінік қалыптасты, бір-біріне қолдау көрсетуге және қиын жағдайларда көмек сұрауға дайындық деңгейі артты. Класс сағаты студенттік ұжымда достық атмосфераның нығаюына және қарым-қатынас мәдениетінің дамуына ықпал етті.
Instagram: https://www.instagram.com/reel/DUAWL3qDBlz/?igsh=NTJ1bmo4YXk5N3Ri
Facebook: https://www.facebook.com/share/v/1DMsPw1Cz2/?mibextid=wwXIfr
#SDG #SustainableDevelopment #THEImpact #KazNU #SDG_KazNU, - SDG4: #SDG4 #QualityEducation
Басқа жаңалықтар