БҰҰ-ның ТДМ аясында 3-мақсат бағытына сәйкес «Өмірге салауатты қадам» атты ашық эдвайзерлік сағатFarabi University

БҰҰ-ның ТДМ аясында 3-мақсат бағытына сәйкес «Өмірге салауатты қадам» атты ашық эдвайзерлік сағат

19 наурыз, 2026

2026 жылдың 19 наурызында педагогикалық тәжірибе аясында «6В05105-Генетика» білім беру бағдарламасының 2-курс 1-топ студенттеріне арналған «Өмірге салауатты қадам» тақырыбында ашық эдвайзерлік сағат өткізілді. Іс-шараны магистрант-практикант Куралова Ұрқия Сеитбекқызы жүргізді.

Таңдалған тақырыптың өзектілігі қазіргі қоғамдағы салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығымен байланысты. Салауатты өмір салты – адамның физикалық және психологиялық денсаулығын сақтаудың негізгі кепілі. Әсіресе, генетика саласында білім алып жатқан студенттер үшін өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау болашақ кәсіби қызметінде маңызды рөл атқарады.



Сабақ барысында салауатты өмір салтының негізгі компоненттері жан-жақты қарастырылды. Атап айтқанда, дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік, ұйқы режимін сақтау, зиянды әдеттерден бас тарту және психологиялық денсаулық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, генетика ғылымымен байланысты аспектілерге ерекше назар аударылып, адамның тұқымқуалаушылық ерекшеліктері мен қоршаған орта факторларының өзара байланысы түсіндірілді.

Сабақта талқыланған негізгі сұрақтар:
– Салауатты өмір салты дегеніміз не және оның маңызы қандай?
– Адам денсаулығына генетикалық және сыртқы факторлар қалай әсер етеді?
– Зиянды әдеттердің ұзақ мерзімді салдары қандай?
– Болашақ маман ретінде денсаулықты сақтау не үшін маңызды?



Сабақтың интерактивті форматы студенттердің белсенді қатысуына мүмкіндік берді. Талқылау барысында студенттер өз пікірлерін білдіріп, нақты өмірлік жағдайларды талдау арқылы тақырыпты тереңірек түсінді. Сонымен қатар, тақырыпқа байланысты бейнематериал көрсетіліп, студенттердің сыни ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етті.

Жалпы алғанда, ашық эдвайзерлік сағат студенттердің салауатты өмір салты туралы білімдерін арттыруға және жеке жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталды. Бұл іс-шара студенттердің денсаулыққа деген саналы көзқарасын дамытуға ықпал етті.

Молекулалық биология және генетика кафедрасы
Магистранттың тәжірибе жетекшісі: 

б.ғ.к., аға оқытушы Ыргынбаева Ш.М.