«Интернет алаяқтықтың алдын алу: цифрлық қауіпсіздік және кибергигиена» атты практикалық семинар-тренингFarabi University

«Интернет алаяқтықтың алдын алу: цифрлық қауіпсіздік және кибергигиена» атты практикалық семинар-тренинг

27 сәуір, 2026

2026 жылдың 27 сәуірінде сағат 11:00-де Экономика және бизнес жоғары мектебінің №2 компьютерлік кластерінде (2Г) заманауи цифрлық қоғамның ең қауіпті трендтерінің біріне арналған «Интернет алаяқтықтың алдын алу» тақырыбында кең көлемді семинар-тренинг өтті. Шара кафедраның бекітілген тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес, жастардың киберқылмысқа қарсы тұру қабілетін нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

   Семинардың арнайы жабдықталған компьютерлік кластерде өтуі оқу үдерісін жаңа деңгейге көтерді. Студенттер тек тыңдаушы емес, белсенді зерттеуші ретінде келесі практикалық кезеңдерден өтті:

- Виртуалды зертхана: Әрбір қатысушы дербес компьютерлер арқылы фишингтік сілтемелерді сканерлеу және күмәнді ресурстарды техникалық талдау (URL-адрестерді тексеру) әдістерін меңгерді.

- Интерактивті симуляция: Қатысушыларға заманауи әлеуметтік инженерия мысалдары көрсетіліп, мошенниктердің психологиялық айла-амалдарына қарсы тұру алгоритмдері компьютерлік модельдеу арқылы түсіндірілді.

- Деректерді қорғау аудиті: Студенттер жұмыс орындарында отырып, өздерінің цифрлық профильдеріндегі қауіпсіздік деңгейін арттыру, күрделі парольдер генерациясы және биометриялық қорғаныс тетіктерін орнату бойынша практикалық жұмыстар жасады.

  Тренинг барысында цифрлық кеңістіктегі заңдылық пен тәртіпті сақтаудың маңыздылығына баса назар аударылды. Студенттер интернеттегі анонимділік пен жалған ақпараттың қауіптерін ұғынып, киберкеңістіктегі өз құқықтарын қорғаудың құқықтық тетіктерін меңгерді.

  Ұйымдастырушылар: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының меңгерушісі орынбасары Серікқазы Ақбота, кафедра оқытушысы Ақжигитова Арайлым және 1-курс бакалавр студенттері.