Мемлекет және Азаматтық қоғамFarabi University

Мемлекет және Азаматтық қоғам

27 наурыз, 2026

2026 жылдың 27 наурыз күні ҚР Президенті жанындағы ҰҒА Білім және қоғамды дамыту ғылыми орталығының жетекшісі, Саясаттану PhD докторы  Жеңісбек Төлен Шығыстану факультетіне арнайы шақыртумен келіп  «Мемлекет және азамат: жауапкершілік шекаралары қандай?» деген тақырыпта дәріс оқыды. Бұл іс-шараны факультетіміздің «Заң және тәртіп» ұстаныма аясындағы іс-шаралардың жоспарына сәйкес Қытайтану кафедрасы ұйымдастырды.

«Мемлекет және азамат: жауапкершілік шекаралары қандай?» тақырыбы – қоғамдағы ең маңызды мәселелердің бірі. Бұл жерде басты мәселе, мемлекет не үшін жауапты, ал азаматтың міндеті қай жерде басталып, қай жерде аяқталады деген сұраққа жауап беру болды.

Жеңісбек Төлен өзінің дәрісінде Мемлекеттің азаматтардың қауіпсіздігін, құқықтары мен бостандықтарын қорғау міндеттерін, оның заң үстемдігін қамтамасыз етіп, білім, денсаулық сақтау, инфрақұрылым сияқты қоғамдық игіліктерді ұйымдастыратынын, сонымен қатар әділ сот жүйесін қалыптастыру және әлеуметтік теңдікті қолдау сияқты мемлекеттің жауапкершілігін түсіндіріп шықты.

Азамат тарапынан әр адам заңдарды сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын құрметтеуге және қоғам дамуына өз үлесін қосуға тиісті екендері айтылды. Салық төлеу, сайлауға қатысу, қоғамдық тәртіпті сақтау – азаматтық жауапкершіліктің негізгі көріністері екені мысалға келтірілді.

Қорытындылай келе дәріскер тиімді қоғам үшін мемлекет пен азамат арасында өзара сенім мен жауапкершілік тепе-теңдігі болуы қажет екенін және бұл шекара нақты сызық емес, ол үнемі өзгеріп отыратын, өзара міндеттер мен құқықтарға негізделген тепе-теңдік екенін негіздеді.