«Ұлы Дала өркениеті: тарих пен тағылым» республикалық конференциясына қатысу
ҚазҰУ мұражайының жетекшісі Джабықпаева Ардақ 2026 жылдың 25–28 наурыз аралығында Туркістан қаласында өткен «Ұлы Дала өркениеті: тарих пен тағылым» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысты.
Аталған іс-шара «Ұлы Дала елі орталығының» 5 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып, кәсіби тәжірибе алмасу мен ғылыми пікірталас алаңына айналды. Конференцияға еліміздің әр өңірінен келген музей қызметкерлері, облыстық мәдениет басқармаларының өкілдері, ҚР музейлер бірлестігі және әкімшілік басшылары қатысты.
Конференция барысында Ұлы Дала өркениетінің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттау мәселелері, сондай-ақ музей ісін дамытудың заманауи бағыттары талқыланды.
Қатысушылар үшін мазмұнды бағдарлама ұйымдастырылып, ғылыми отырыстармен қатар мәдени іс-шараларға қатысып, Түркістан қаласының маңызды рухани және тарихи орындарын аралады. Барлық іс-шаралар жоғары деңгейде, бекітілген жоспарға сәйкес өткізілді.



Басқа жаңалықтар