ТДМ №4: «Инклюзивті білім беру және тең мүмкіндіктер» тақырыбында семинар-тренингFarabi University

ТДМ №4: «Инклюзивті білім беру және тең мүмкіндіктер» тақырыбында семинар-тренинг

9 наурыз, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Химия-техникалық факультетінде «Инклюзивті орта» ғылыми-практикалық орталығы мен Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) – 4: «Сапалы білім беру» бағыты аясында «Инклюзивті білім беру және тең мүмкіндіктер» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренингтің мақсаты – студенттердің тұлғалық және кәсіби дамуына ықпал ету, инклюзивті мәдениетті қалыптастыру, әртүрлілікті құрметтеу мен тең мүмкіндіктер қағидаттарын түсіндіру, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларға қолдау көрсету дағдыларын дамыту болды. Шараға Заң факультетінің белсенді студенттері қатысып, инклюзияның қоғамдағы маңыздылығымен танысты.

Семинар барысында қатысушылар келесі өзекті тақырыптарды талқылады:

Инклюзивті білім берудің мәні мен негізгі қағидаттары;

Әртүрлілік және тең мүмкіндіктер ұғымдары;

Инклюзивті орта қалыптастыру жолдары;

Қоғамдағы стереотиптер мен оларды еңсеру тәсілдері;

Психологиялық қолдау және эмпатияның инклюзиядағы рөлі.

Семинар практикалық бөліммен жалғасын тауып, қатысушылар үшін интерактивті форматта тренингтер мен топтық жаттығулар ұйымдастырылды. Бұл тапсырмалар студенттердің бір-бірін түсінуіне, толеранттылық деңгейін арттыруға және әртүрлі әлеуметтік топтармен тиімді қарым-қатынас орнату дағдыларын дамытуға көмектесті. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, инклюзивті ортаның маңыздылығын терең түсінді.

Шара барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, жаңа инсайттар мен пайдалы ақпараттар алды. Жылы әрі қолдаушы атмосферада өткен семинар студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, болашақта инклюзивті қоғам құруға үлес қосуына ықпал етті.

Семинар соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай іс-шаралардың жиі өткізілуі инклюзивті мәдениетті қалыптастыруда аса маңызды екенін атап өтті.