"Психологиялық саулық – табыстың кілті" атты тренинг — ҚазҰУ

"Психологиялық саулық – табыстың кілті" атты тренинг

25 қыркүйек 2026
"Психологиялық саулық – табыстың кілті" атты тренинг

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы тыңдаушылары арасында ТДМ-3 бағыты бойынша

 "Психологиялық саулық – табыстың кілті" атты тренингі өткізілді. Мақсаты-дайындық кафедрасы тыңдаушыларының жаңа ортаға -университетке, қалаға, мемлекетке – бейімделу кезеңінде психосоматикалық және физикалық денсаулығын сақтау әдістерін үйрету, күйзеліс тән мен жан саулығына қалай әсер ететінін түсіндіру, ағзаны стресстен қорғау дағдыларын қалыптастыру.

Шараның барысында тыңдаушыларға жаңа ортаға көшкенде тек әлеуметтік мәртебе ғана емес адам ағзасы да күйзеліске ұшырайтыны айтылды. Сол мақсатта тренингте  «Денсаулық барометрі» жаттығуын жасаудан басталды. Шара барысында тыңдаушыларға бейімделу кезеңіндегі негізгі қауіптер жайлы айтылып,күйзелістің тәнге әсеріне кеңінен түсіндірілді. Тренинг соңында тыңдаушыларға керекті төмендегідей жадынама таратылды:

1.Ұйқы гигиенасы

2.Асқазан саулығы

3.Дене жаттығуларын жасау

4.Физикалық белсенділік

5. Әлеуметтік қолдау

Тренинг соңында әр тыңдаушы білім алу тек жақсы денсаулық арқылы қол жеткізуге болатынына көз жеткізді. Сондықтан денсаулықты күту – маңызды екенін түсінді