- Басты бет
- Жаңалықтар
- Метеорологиялық зерттеулердегі ұшқышсыз ұшу аппараттары: әскери метеорологиялық қызмет мамандарына арналған дәріс және практикалық сабақ
Метеорологиялық зерттеулердегі ұшқышсыз ұшу аппараттары: әскери метеорологиялық қызмет мамандарына арналған дәріс және практикалық сабақ
ҚазҰУ-дың метеорология және гидрология кафедрасы ұйымдастырған әскери метеорологиялық қызмет мамандарының біліктілігін арттыру курстары аясында Қазақстан-Қытай қашықтан зондтау технологиялары жөніндегі бірлескен зертханасының директоры Дана Шокпарова ұшқышсыз ұшу аппараттарын метеорологиялық зерттеулерде қолдану бойынша дәріс және практикалық сабақ өткізді.
«Метеорологиялық зерттеулердегі ұшқышсыз ұшу аппараттары: зертхана тәжірибесі, платформалар кластары және деректерді өңдеу» атты дәріс зерттеу міндетіне байланысты аппарат пен пайдалы жүктемені таңдауға арналды. Тыңдаушылар көпроторлы, ұшақ типті және гибридті платформалардың ерекшеліктерімен, сондай-ақ RGB, LiDAR және мультиспектрлі сенсорлардың мүмкіндіктерімен танысты. Жер бетін түсіру мен атмосфера параметрлерін өлшеудің айырмашылықтарына ерекше назар аударылды. Атмосфера параметрлерін өлшеу үшін арнайы метеорологиялық датчиктер мен деректер сапасын бақылау қажет. Практикалық сабақ барысында қатысушылар зертханадағы ұшқышсыз ұшу аппараттарымен, соның ішінде Zenmuse P1/L1 сенсорлары бар DJI Matrice 300 RTK және DJI Mavic 3M аппараттарымен танысты.
.jpeg)
Мамандар олардың мақсаты мен ерекшеліктерін қарастырып, аппараттарды дайындау және іске қосу кезеңдерін талдады. Жабдықтар мен аккумуляторлардың жай-күйіне, пайдалы жүктемені бекітуге, ауа райы жағдайларына, алаңды таңдауға және қауіпсіздік шараларына ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар қатысушылар БПЛА-дан алынған деректерді өңдеу мәселелерін талқылады: ортофотожоспарлар, жер бедерінің модельдері, нүктелер бұлттары және спектрлік индекстерді жасау. Атмосфера профильдерін алу үшін орнатылған және тексерілген метеорологиялық датчиктердің қажет екені атап өтілді.
Дәріс пен практикалық сабақ тыңдаушыларға ұшқышсыз технологиялардың мүмкіндіктерімен және оларды метеорологиялық зерттеулерде қолдану бағыттарымен танысуға мүмкіндік берді. Мұндай сабақтар мамандардың кәсіби даярлығын толықтырып, университеттік ғылым мен бейінді қызметтер арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар