- Басты бет
- Жаңалықтар
- Univer ақпараттық жүйесінде және қашықтықтан оқыту жүйесінде (Moodle ҚОЖ) тест тапсырмаларын жасау және жүктеу бойынша оқыту семинары өтті
Univer ақпараттық жүйесінде және қашықтықтан оқыту жүйесінде (Moodle ҚОЖ) тест тапсырмаларын жасау және жүктеу бойынша оқыту семинары өтті
2026 жылғы 30 қыркүйек күні Шығыстану факультетінде Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің Білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету басқармасы профессорлық-оқытушылық құрамға Жаңа әдістемелік талаптар бойынша, Univer ақпараттық жүйесінде және қашықтықтан оқыту жүйесінде (Moodle ҚОЖ) тест тапсырмаларын жасау және жүктеу бойынша дәріс өткізді.
Іс-шара 2026–2027 оқу жылына арналған академиялық процестің ішкі нормативтік құжаттары бойынша өткізіліп жатқан оқыту кездесулерінің жалғасы болды. Семинарды Білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету басқармасының басшысы Мусинова Асель Ахметовна ашып, қатысушыларға оқыту мен оқудың сапасын басқарудың жаңартылған ұйымдық құрылымымен, сондай-ақ шығыстану факультетінің оқыту мен оқу сапасы жөніндегі академиялық комитетінің құрамымен таныстырды. Сондай-ақ, академиялық саясат, сапаны қамтамасыз ету саясаты және академиялық адалдық саясаты, оқыту нәтижелерін бағалау саясаты да таныстырылып, білім алушылардың өтініштерін қарау ережелері мен Академиялық гид - ПОҚ-қа арналған нұсқаулық-әдістемелік хат бекіту және жариялау сатысында екені еске салынды.
Семинардың ең негізгі тақырыбы - емтихан тестінің жаңартылған спецификациясы болды. Академиялық талдау және білім беру сапасын қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ботаева Асем Турисбекқызы қатысушыларға нақты тапсырма түрлері мен практикалық құндылығын, сондай-ақ алынған ұсынымдарды бағалау материалдарын дайындау кезінде бірден қолдану мүмкіндігін атап өтті.
Академиялық және цифрлық инновациялар кеңсесінің жетекшісі Илья Игоревич Круговых Moodle СДО-да тест ұйымдастыру мен өткізу әдістемесімен таныстырып, тест спецификациясы мен сұрақтар банкінің көлемі бойынша сұрақтарға жауап берді.
Семинар оқытушылардың тест тапсырмаларын жаңа әдістемелік талаптарға сәйкес әзірлеу және оларды Moodle мен Univer жүйелерінде дұрыс орналастыру дағдыларын қалыптастырып, бағалау материалдарының сапасын арттыруға және академиялық саясат талаптарын бірыңғай түсінуге ықпал етері сөзсіз.
Басқа жаңалықтар