Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Дұрыс тамақтану – адамның денсаулығын сақтаудың және өмір сапасын жақсартудың маңызды шарттарының бірі. Адам ағзасына күнделікті қажетті дәрумендер, минералдар, ақуыздар, майлар мен көмірсулар тағам арқылы түседі. Сондықтан пайдалы әрі құнарлы тағамдарды таңдау әр адамның өмір салтында маңызды орын алуы керек. Осы орайда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінің жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының эдвайзерлері Р.Г.Рыскалиева, Л.К.Бейсембаева, О.И.Пономаренко және кафедраның аға куратор-эдвайзері Н.С.Далабаеваның ұйымдастыруымен «Дұрыс тамақтану және студенттің белсенді өмір салты» атты семинар тренинг өткізілді. Семинарға «Керемет» медициналық орталығының жетекшісі, дәрігер Еркебұлан Жасыханов шақырылып, күнделікті ас мәзірінде көкөністер мен жемістер, дәнді дақылдар, сүт өнімдері, ет, балық, жұмыртқа және бұршақ тұқымдастар болғаны дұрыс екендігі жөнінде құнды кеңестер берілді. Семинарға факультеттің әлеуметтік – тәрбие жөніндегі деканның орынбасары Гүлбану Жақсылықова қатысты.
Әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, дұрыс тамақтануды күнделікті өмірінің маңызды бөлігіне айналдыруы қажет.
Жалпы және бейорганикалық химия
кафедрасының доценті Роза Рыскалиева
Басқа жаңалықтар