«Сапалы білім. Қазақстан және әлем елдерінің білім беру модельдері: салыстырмалы талдау» — ҚазҰУ

«Сапалы білім. Қазақстан және әлем елдерінің білім беру модельдері: салыстырмалы талдау»

7 қазан 2026
«Сапалы білім. Қазақстан және әлем елдерінің білім беру модельдері: салыстырмалы талдау»

ТДМ-4 «Сапалы білім беру» аясында 1-курс студенттері үшін «Сапалы білім. Қазақстан және әлем елдерінің білім беру модельдері: салыстырмалы талдау» тақырыбында дебат форматында тақырыптық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты — студенттерде сыни ойлау дағдыларын, білім беру жүйелерін талдау қабілетін, коммуникативтік құзыреттілікті, өз ұстанымын дәлелді қорғау білігін қалыптастыру, сондай-ақ білім берудің жаһандық проблемалары мен келешегі туралы хабардарлықты арттыру.

Топ екі командаға бөлінді. Бір команда Қазақстанның білім беру моделін қолдап, оң өзгерістер мен реформаларды атап өтті. Екінші команда оппозиция ұстанымын алып, өзекті мәселелерді талдады.

Оппозиция командасы (спикерлер: Тажен Айару, Тимур Асем, Тоқтағұлова Аяна, Өтешев Жасұлан, Түймебай Нұрасыл, Маутанова Умайя) сапалы білім беруге кедергі келтіретін 5 негізгі мәселені алға тартты: PISA бойынша артта қалу, оқу сауаттылығы мен шығармашылық ойлау деңгейінің төмендігі, мұғалімдердің жетіспеушілігі және білім беру мүмкіндіктерінің теңсіздігі. Сонымен қатар келесі дәлелдерді ұсынды:

1. PISA-2022: Қазақстан — 425 математика, 386 оқу, 423 жаратылыстану ғылымдары. OECD орташа көрсеткіші — 472, 476, 485. Оқу сауаттылығының базалық деңгейіне тек 36% жетті, OECD-де — 74%.

2. Шығармашылық ойлау: PISA Creative Thinking — 60-дан 24 балл (OECD — 33). Базалық деңгей — 47% қарсы 78% OECD-де.

3. Кадр тапшылығы: оқушылардың 36% мұғалім тапшылығы бар мектептерде оқиды.

4. Теңсіздік: білімге қолжетімділік аймаққа, әлеуметтік жағдайға, интернетке қолжетімділікке байланысты.

Пропозиция командасы (спикерлер: Толыққанқызы Зарина, Тұрғанбек Бекасыл, Уалиахмет Нұрсауле, Убайдулла Билал, Шалқарқызы Баян, Шәкірт Айша) Қазақстанда сапалы білім берудің бар екенін растайтын 5 негізгі дәлелді алға тартты: PISA-ның оң динамикасы, жүйелі реформалар, мұғалімге көңіл бөлу, білімнің қолжетімділігі және жүйенің мәселелерді шеше алу қабілеті. Сонымен қатар келесі дәлелдерді ұсынды:

1. PISA динамикасы: PISA-2022 — 425 математика, 386 оқу, 423 жаратылыстану. Жаратылыстану ғылымдары бойынша 2018 жылғы 397 баллдан өсім (+26 балл) OECD орташа балының төмендеуі аясында.

2. Жүйелі реформалар: 2016 жылдан бастап білім мазмұнын жаңарту, функционалдық сауаттылық пен сыни ойлауға көшу. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі, цифрландыру.

3. Мұғалімді қолдау: «Педагог мәртебесі туралы» Заң, жалақының өсуі, біліктілікті арттыру жүйесі.

4. Қолжетімділік: халықтың сауаттылық деңгейі 100%-ға жуық, тегін және міндетті мектеп білімі, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы, «Болашақ» бағдарламасы, Назарбаев Университеті.

5. Оппозицияға жауап: OECD-мен салыстыру дұрыс емес, динамика маңызды. Мәселелердің болуы сапаның жоқтығын білдірмейді, сапа — бұл жүйенің даму қабілеті.

Іс-шара ашық пікірталас форматында өтті. Студенттер белсенді қатысып, OECD, UNICEF деректерін келтірді.