Туристік қызметтегі тұлғааралық қарым-қатынас — ҚазҰУ

Туристік қызметтегі тұлғааралық қарым-қатынас

5 қараша 2026
Туристік қызметтегі тұлғааралық қарым-қатынас

2026 жылғы 4 қарашада «Туристік іс-әрекет психологиясы» пәні аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Рекреациялық география және туризм кафедрасының 3-курс студенттері Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейіне барды.

Аудиториядан тыс сабақ барысында студенттер музей қызметкерлерімен кездесіп, музей қызметін ұйымдастыру кезінде келушілер арасында және ұжым ішінде туындауы мүмкін қақтығыстардың себептері мен оларды шешу тәсілдері туралы ақпарат алды.

Сабақ барысында кейс-стади әдісі қолданылып, студенттер түрлі тәжірибелік жағдайларды талқылады, қақтығыстарды шешудің негізгі стильдерімен танысып, оларды нақты жағдайларда қолдану ерекшеліктерін қарастырды.

Мұндай тәжірибелік сабақтар студенттердің теориялық білімдерін бекітуге, тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және туристік қызмет көрсету саласындағы психологиялық жағдайларды дұрыс бағалау қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді.