- Басты бет
- Жаңалықтар
- 2021 жылы 15 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің әл-Фараби кітапханасында белгілі қазақстандық тарихшы, саясаттанушы, шығыстанушы және «Азиялық зерттеулер институтының» директоры Әкімбеков Сұлтан Мағрұпұлымен кездесуі өтті.
2021 жылы 15 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің әл-Фараби кітапханасында белгілі қазақстандық тарихшы, саясаттанушы, шығыстанушы және «Азиялық зерттеулер институтының» директоры Әкімбеков Сұлтан Мағрұпұлымен кездесуі өтті.
Бұл кездесу Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орайластырылып өткізілді. Аталмыш шараны Тарих факультетінің деканы Ноғайбаева Меңдігүл Сағатқызы арнайы сөзімен салтанатты түрде ашты. Іс шараны Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі Жұматай Ғабит Бекенұлы жүргізді. Кездесу барысында Сұлтан Мағрұпұлы «Тәліптердің билікке қайта оралуынан кейінгі Ауғанстандағы саяси жағдай» атты тақырыпта дәріс оқыды.
Дәріс барысында Сұлтан Мағрұпұлы қатысушыларға Орталық Азия аумағындағы өзекті саяси мәселелер контексіндегі Ауғанстанның ішкі-сыртқы жағдайларына талдау жасап, жекелеген тарихи оқиғаларға және Ауғанстанның болашақ дамуына қатысты баға берді. Дәрісті тыңдаушылар ретінде қатысқан білімгерлер мен профессорлық-оқытушылық құрамның сұрақтарына жауап беріп, дәріс қызу талқылау жағдайында өтті. Шараға қызығушылық танытқан көпшілік Zoom платформасы арқылы онлайн форматта да қатысты. Дәріс соңында Сұлтан Мағрұпұлы білім алушылар мен оқытушылардың сұрақтарына жауап берді. Бұл кездесу өте мазмұнды, мәнді, қызықты әрі өте жоғарғы деңгейде өтті. Тарих мамандығы бойынша оқитын студенттер, магистранттар және докторанттар Ауғанстан тарихы мен елдің қазіргі күйіне қатысты көптеген маңызды сұрақтарға жауаптар алып, интеллектуалдық көкжиектерін одан әрі арттыру мүмкіндігіне ие болды.
Бұған қоса дәріс соңында Сұлтан Мағрұпұлы көпшілікті орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде жарияланған өзінің «Ауғанстан тарихы» атты кітабымен таныстырып, білім алушылар мен университетке өз қаламынан шыққан еңбектерін сыйға тартты. Факультеттің деканы Меңдігүл Сағатқызы Сұлтан Мағрұпұлына университеттің атынан әл-Фараби кілемін сыйға тартып, алғысын білдірді. Іс шараға орайластырылып Сұлтан Мағрұпұлының жариялаған іргелі еңбектері мен мақалалары арнайы көрмеде көпшіліктің назарына ұсынылды. Сондай-ақ ғалымның еңбектерімен қатар, Ауғанстан тарихына қатысты орыс және дари тілдерінде жарияланған еңбектер де көрмеге қойылды.