Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойы.

19 қараша, 2021

Биыл қазақ халқының тарихында ерекше орын алған кемеңгер тұлғаның бірі, қазақтың тұңғыш ұстазы, қазақ жерінде алғаш мектептер ашып білім мен оқуды насихатаушы, халқының көсегесін көгертуші «Дала шамшырағына» айналған ұлы ұстаз Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойы. Айтулы датаға орай, 3 қараша 2021 ж. сағ. 15.00-де «Ыбырай Алтынсарин мұрасы» атты онлайн іс-шара өткізілді. Ұйымдастырушылар: эдвайзер т.ғ.к., доцент Беделова Г.С., т.ғ.к., профессор Мырзабекова Р.С., т.ғ.к., доцент Мухажанова Т.Н., 2-3 курс «Кітапханалық ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері. Іс-шара барысында студенттер "Ыбырай-ақын, жазушы, аудармашы, публицист, этнограф, сыншы" тақырыбында презентация жасап, Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін оқып, фотосуреттер, видео көрсетті. Ыбырай Алтынсарин атындағы мемориалдық музей қорымен таныстырды. Бүгінгі мерейтойлық жыл және оны осылай студенттер арасында атап өту- бірінші кезекте ұлы ұстаздың рухани мұрасын қалпына келтіру үшін жақсы іс. Ұлы ұстаздың өнегелі жолын, мұраларын оқып – білу кейінгі ұрпаққа парыз.