Жапонияның көркем жазу өнері

27 ақпан, 2023

Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының жапонтану бөлімі студенттері 23.02.2023 күні жапонның “шёдо", яғни каллиграфия өнерімен танысты. Каллиграфия (грекше kallіgraphіa – көркем жазу) – көркем әрі анық жазу өнері. Өз елінде осы өнерді 7 жыл бойы үйренген Жапонияның София университетінің студенті Тачибана Сотаро жапонтану бөлімінің студенттеріне “Қазақстан” сөзін, сондай-ақ студенттердің өз есімін жапон иероглифтерімен (канджи) жазып көрсетті.

Студенттер де каллиграфияға арналған бояу мен қылқаламды қолданып, түрлі иероглифтерді каллиграфия тәртібімен жазып көрді.

Естеріңізге түсіре кетсек, Жапонияның 31 студенті Шығыстану факультетіне Қысқы мектеп бағдарламасымен 3 аптаға оқуға келген болатын.