Ө.А. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХІІІ Халықаралық байқауы өтті

3 наурыз, 2023

     Наурыз айының 1-3 күндері аралығында механика-математика факультеті және «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен, Ө.А. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХІІІ Халықаралық байқауы өтті.

                                     

     Шара Ө.А.Жолдасбековтың 92 жылдығына орай, 1 наурыз күні Академиктің рухына тағызым етіп, ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталды. Байқаудың салтанатты ашылуы механика –математика факультетінің Ө.А.Жолдасбеков атындағы «Қызыл залында» өтіп, еліміздің әр түпкірінен келген оқушылар әл-Фараби атындағы кітапханада математика және механика бойынша өз зерттеу жобаларын таныстырды. Механика-математика факультетінің профессорлық-оқытушы құрамы байқаудың қазылар алқасының құрамында болды.

                                   

     Екі күнге созылған зерттеу жобаларының қорытындысы 3 наурызда жарияланып, Ө.А. Жолдасбеков атындағы механика-математика факультетінің «Қызыл залында» жеңімпаздар мен жүлделі орын алғандар мақтау қағаздарымен және медальдармен марапатталды.