Докторант Исмаилова Сауле Coursera компаниясының сертификатына ие болды

13 наурыз, 2023

     Қиыр Шығыс кафедрасының 2 курс докторанты Исмаилова Сауле Coursera платформасында Sungkyunkwan University – A Bridge to the World: Korean Language for Advanced Ⅰкурсты аяқтап, сертификатын алды. Айта кетейік, Сонгкюнкван университеті QS Ranking рейтингінде үздік 500-ге кіреді.

     Сәуленің айтуынша, ол бұл платформамен бұрыннан таныс және бұған дейін сертификат алмай-ақ тегін курстардан өткен. Сәуле қаңтар айында Coursera мен Қазақстан жоғары білім және ғылым министрлігі арасында меморандумға қол қойылғанын білген соң, мен толық курсты аяқтап, сертификат алуды жөн көрді. Сонымен қатар, жоғары сапалы докторлық зерттеу жүргізу үшін маркетингтегі білімнің жаңа салаларынан білім қажет болды. Докторант 2022-2023 оқу жылында Шығыстану факультетінің білім сапасы жөніндегі оқу комиссиясының мүшесі және факультеттегі студенттермен ғылыми-зерттеу жұмысының төрағасы болып табылады. Осы курсты өтуге де себеп болды, өйткені Сәуле алған білімін платформада «өз көзімен тексеруге» шешім қабылдады.

    Исмаилова С. атап өткендей, корей тілі курсы жақсы ұйымдастырылған, 5 тақырып жаңа және күрделі лексиканы пайдалана отырып курстта өтті, әр тақырып жаңа грамматикамен және жиі қолданылатын сөз тіркестерімен бекітілді. Тақырыптар өте қызықты және өзекті: жасанды интеллект, сауатсыздықпен күрес, корейлермен қарым-қатынастағы қиындықтар және т.б. Сәуле бұл курс жоғары курс студенттері мен магистранттарының ой-өрісін кеңейту үшін қолайлы болады деп есептейді.