Консул сағаты өтті

13 наурыз, 2023

     2023 жылдың 13-наурыз күні Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен «Қытайтану апталығы» аясында «Консул сағаты» өтті. ҚХР Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй ханым арнайы шақырумен келіп, «Қазақстан мен ҚХР арасындағы қарым қатынастың бүгінгі жағдайы мен болашағы» деген тақырыпта дәріс оқыды. Дәріске факультеттің оқытушы-профессорлар құрамы, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты. Студенттер Бас консулмен бетпе бет кездесіп, Қытайға қатысты, ҚХР-да білім алу және Қазақстан мен Қытай арасындағы халықаралық қатынастар туралы сұрақтарына нақты жауаптар алды. Соңынан ҚХР консулдығынан келген делегация факультеті аралап факультеттің тыныс-тіршілігімен жақын танысты. Факультет деканы Н.Б.Ем мен Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Е.Ә.Керімбаев қонақтарға факультетті таныстыра жүріп, екі мекеме арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесін кеңінен талқылады.